Келіңдерші достарым

Жо-жоқ менің достарым ескірмейді,
«Дауыстарың неліктен естілмейді?»
Жаңасы да, басқасы керек емес,
Өздеріңсіз дүнием еш күлмейді.

«Достарыңды сен әлі ұмытарсың!»-
деп санама жаланы ұйытар кім?!
Жол мен ұзақ уақыттың қашықтығын
Махаббатпен мендегі жылытармын.

Сағыныштан сынбайды сағым мүлде,
Достық сезім, көңілім жалын күйде.
Кеше біздер қол созған армандардың
Қарсы аламыз, солай ма, таңын бірге?!

Сырларына бөтеннің қанықпаймын,
Сендердікін тыңдаудан жалықпаймын.
Достарым-ау, жүректің талабы осы,
Дауылдарда адасқан қайықтаймын.

Шаттық сыйлап жаныма келіңдерші,
Келіңдерші, достарым, сенім берші.
Ләкілдеген дәуреннің қызығынан,
Бір естелік әкеліп беріңдерші...
Келіңдерші, құрбылар, келіңдерші....



Бөлісу: