"Келіндер көтерілісі". Менің әсерім немесе қысқаша рецензия

"Келіндер көтерілісі".  Менің әсерім немесе қысқаша рецензия
жеке
блог

    7.12.13 ж. мен екі сіңлімді ертіп және құрбым Сағынышпен аптасына кемінде 2 рет бармасақ, іздеп тұратын Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған театрға бардым. Сол күнгі қойылым - өзбек ұлы классигі, әдебиетші Саид Ахмадтың "Келіндер көтерілісі". Көрермен ретінде өте жоғары бағаладым, қатты ұнады. Бұл комедиялық жанрды қазақ тіліне аударған А.Сүлейменов болса, өмірідң ақиқаты түсірілген кітапты сахнадан көрсеткен - қоюшы-режиссері Мұрат Ахманов екен. Езуге шексіз күлкі сыйлайтыны сонша, сахна мәдениетін ұмытқан көрермен ду-қол шапалағын бір тоқтатпады. "Өнер және мәдениет" сабағын өткеннен соң, өзгелерге "шапалақ соғуға болмайды" дегенмен, түк те өзгермеді. Тіпті, өз алақаным да қайта-қайта қышып қоя берді. Қойылымның саундтрегі - "Оноджан" (өзбекше). Оны естіп, көзімнен паршалап ыстық жас ағылып қоя берді. Ерекше әсер қалдырғаны сонша, күнделікті театрға барып жүргенге мүлде ұқсамаймын!  

                                         "Келіндер көтерілісі"
   "Адамның жаманы болса да, ата-ананың жаманы болмайды ғой!" Бар бала-шағасының бір шаңырақ астында шашырамай тұрғанын қалағаннан басқа ана көңілі не қалайды дейсің?! Келіндерін қатал ұстағаны, олардан кейінгі ұрпақтың да тәрбиелі, инабатты болуын қаласа керек! Ескілік талабымен үйінде заң орнатып, соған білдей 7 ұлы 7 келінін, 41 немересін бағындыруға тырысты. Әйтеуір, соңында өз қатесін түсініп, келіндерінің қадіріне бой ұсынды. Жалпы, адамзатты тәубеге келтіретін, қарапайымдылық пен ізгілікке бастайтын қойылым екен. Енді, бала-шағасының айлығын 0 тиынына дейін сыпырып алатыны қызық көрінді.