Келіндер көтерілісі

Келіндер көтерілісі

«Хас сұлудың көз жасындай,мөлдір өнер-театр»

Театр-біздің ішкі дүниемізге,жан жүйемізге әсер етіп,адамдық қалпымызды тәрбиелейді.Я,бұл шындық.Менің бұған көзім толықтай жетті...

Сіз «Келіндер көтерілісі» спектакльне барып көрдіңіз бе?

Енекесіне қарсы шыққан келіндер....Барып көрмеген болсаңыз,ол  қойылым жайлы сіздерге қысқаша айта кетейін.

«Өзбек халқының күнделікті күйбең тіршілігі.Таңсәрі... 7 ұлын тұрғызып 7 келіні әрқайсысы күйеулерін жұмысқа аттандырып тұрған кездері.Жұмысқа аттандырып тұрған шақта зор дауыспен төргі бөлмеден шығып келе жатқан енесіне жанұшыра 7 келіні иіліп сәлем ете қалады.Бірақ...жаңадан түскен кіші келіні енекесіне оңайлықпен көнгісі келмеді.Өйткені қаланың тұрмыс-тіршілігіне үйреніп қалған қыз бұның бәрін жат көрді.

Ақша ұстап,билік етіп үйреніп қалған ене еліне елеулі,халқына қалаулы сыйлы кемпір болды. Кіші келіні көтеріліс бастап,ене мен келін арасындағы сыйластық кетіп,берекелері қашады.Келіндері бөлек үй,бөлек шаңырақ болғысы келеді,ал енесі 7-нің 7 жаққа шашырап,ажырап кеткенін қаламайды.Өйткені олардың әрқайсысы әр жаққа тарап кетсе, бастары енді қайтіп бірікпей,әркім өз алдына,өз басының қымтауын қымтап кететінін ойлап жібергісі келмеген енесінің пікірімен санаспаған кіші келіні қатесін түсініп,кешірім сұрайды.Енесінің асыл мұраты үлкен шаңырақта 7 әулеттің басын біріктіру болды....»

Осы қойылымды көріп отырып,ұзақ ойландым.Бұл өмірде қырқысып жатқан  ағайындылар қаншама?!Ойланып қарар болсақ,,кішкене болсада екі арада ұйымшылдық,татулық,сыйластық болса,бір әулеттің тұтастығын сақтап қала аламыз.



Бөлісу: