Келмеші маған.....

Сен неге менің өмірімде барсың, бүгінгі түні сені өз өмірімнен қуып отырмын. Сенің менде болғаныңа біреулер мақтау айтып жатады, күшті сенде бар деп.

Ал бірақ мен сенен шаршадым, шынымды айтайын әбден қажыдым. Сен үшін таяқ жеймін, сен үшін өз өзімді қинаймын. Барлық нәрсеге сен кінәлісің. Қайткенде сенен құтыламын, көлеңкем құсап қалмайсың.

Өткенде тағы сен үшін, қапаландым. Иа сол күні, қайдағы біреудің әйелінен естімеген сөз естідім.

Кезде келмей қаласыңда, керексіз кезде қайдан тап болғаның белгісіз келіп тұрасың. Сен менің өмірімде болғанның бірден бір зиянын қазір тартып жүрмін.

Сен менің өмірімде шектен тыс көп мөлшерін алып алғансың, баршы басқаларға. Біреулер айтады басқаларда жоғынды қадірле деп, дәп сен маған қадірлі бола қоймассың деп ойлаймын. Осы түн сені екі қыр асып, одан сол жақ сүрлеуге түсіп, тағы бір төбе асып тастап қайтып келдім. Енді келмеші маған........



Бөлісу: