Келешекке көзқарас қандай болмақ?
блог
«EXPO-2017» атауын ғана біледі де , онда не болатынын білмейтіндер де аз емес . Біреулер үшін - Еуропа чемпионаты . Шындығында «EXPO-2017» - халықаралық көрме .
EXPO-2017 – біз үшін ең үлкен мүмкіндік . Ел іші болғаннан кейін түрлі пікірдің айтылуы , соның ішінде сыни пікірлердің болуы заңдылық . Бірақ , ақыры қадам жасалған екен , жеңіп алған екенбіз , енді оны «қажет емес , ақша босқа шашылатын болды , оның бізге не керегі бар » деп кері тарта бермей , ел бола жұмыла дайындалып , бұл мүмкіндікті шын мәнінде ұтымды пайдалануға тырысу керек . Себебі , Алла жеткізсе , бұл шара қайткен күнде де болады , шегінерге жол жоқ . Ал , оның қаншалықты пайдалы өтуі , халыққа қаншалықты пайдалы болуы осы бастан халықтың дайындығына байланысты .
«ЕХРО-2017 көрмелерінде барлық мемлекеттер өздерінің таңдаулы технологиялық, ғылыми және мәдени жетістіктерін көрсетедіАстананың бәәсекелестік күресте жеңіске жетуі - кездейсоқ емес.
Біріншіден, бұл біздің астанамызды әлемдік деңгейдегі оқиғаны қабылдауға лайықты орталық деп танығандық.
Екіншіден, Астананы таңдау біздің мемлекетімізге берілген жоғары баға және оның дамуы - бүкіл еуразиялық аймақтың дамуы персективаларын атап көрсетеді.
Үшіншіден, жеңіске біз ұсынған - «Болашақтың энергиясы» тақырыбының өзектілігі көмектесті. Ақырында, бастысы - Астананы таңдау бүкіл қазақстандық халықтың күш-жігерінің жемісіне айналды . Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2016 жылы ЭКСПО көрмесі Анталияда өтті. Көрме тақырыбы «Гүл және сәби» деп аталған болатын. Көрме – гүлдермен қалай абаттандыру жұмысын жүргізуге болатынын көрсетті. Ал біздің елдегі көрме табиғатта бар нәрседен баламалы энергия көзін қалай алуға болатынын көрсетпекші. Осыған сәйкес, көптеген тематикалық дүниелер ұсынылады.
Мысалы, «Tesla» электромобильді автокөлігінің жаңа моделі көрмеге қойылады. Онда көліктің жасалу технологиясын көруге болады.
Vestas компаниясы инновациялық жел энергетикалық қондырғыларының жаңа үлгісін ұсынады. Яғни, желден энергия алу көздерінің шағын және үлкен түрін көрсетеді.
Ең әуелі , EXPO-2017 ел бюджеті үшін шығын емес , инвестиция . Әлемдік тәжірбие мен болжамдар бойынша , мұндай шараға ондаған миллион турист келетіні анық . Үш айдың ішінде жоқ дегенде бір миллион турист келіп , әрқайсысы Қазақстан экономикасына үш мың доллордан тастап кеткен күннің өзінде де , үш миллиард долларлық кіріс деген сөз . Кететін шығынды ақтау үшін , демек , осыдан кем болмауы тиіс . Ал , келетін турист саны мен орташа туристің « тастап кететін » ақша мөлшерін бірнеше есеге арттырсақ , несі жаман болсын ? Әрине , айтуға оңай , бұл тек құрғақ есеп .Бірақ , осы есепті еселеп жүзеге асыруға болмайды емес , болады . Ол үшін бұл шараны тек үкіметтік ұйымдар ғана емес , бүкіл халық , кәсіпкерлер дұрыс қабылдап , тиісті түрде дайындалуы керек .