...Келемін саған...
жеке
блог
блог
...Келемін саған..
Келемін саған,
Сергелдең сезім бойымда,
Бір тылсым дүние – білмеймін,шын ба, ойын ба:
«Сағынып жүру,жабығып жүру жарамас,
Сүйетініңді мойында, -- дейді, -- мойында!»
Тәнімді талмап Тәңірдің саумал сауабы,
Мархаба көктен махаббат нұры жауады.
Аңсатты мені арманның алтын Сарайы,
Шаршатты мені тағдырдың сансыз сауалы.
Сауалды қош деп, жұмбақты шешпек ойымда,
Еркетай сезім, елеске жалған бой ұрма.
Бір тылсым дүние - білмеймін,шын ба, ойын ба:
«Сүйетініңді мойында, -- дейді, -- мойында!»
Келемін саған,
Жақындап қалдым тым бері,
Жүрегім тоқтап, сырғиды сағат тілдері.
Өзім бе, әлде, селт етпе сергек сезім бе,
Өзіңе жеке жетелеп келген кім мені?
...Келемін саған,
Жүрегім жүрдек, сағаттан гөрі ілгері...