Кел, танысайық!

Кел, танысайық!
жеке
блог

Кезексіз кеткенім үшін кешірім сұрамаймын, себебі Жако ағамыз түнеугүні кезек күтпей жаза беріңдер деген еді. Енді сөйлеп көрейін:

1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет 

Айдана Ануарбекқызымын. 1994 ж. шыжыған шілденің 19-ы күні сағат кешкі 8-ге 25 минөт қалғанда (мамам минөтіна дейін жаттап алыпты) дүние есігін ашыппын. Атырау қаласынанмын.

2. Хоббиің не?

Кітап оқығанды ұнатамын, бұрын көбірек оқушы едім, Интернет деген ғаламат өміріме енгеннен бері ол қалып барады. Негізгі хоббиім сол күн ұзақ Интернетте отыру. Бірақ кей кездері одан да жалығып кетем.

3. Қай елге саяхат жасағың келеді?

Корей халқының өнерін ұнататындықтан, сол елді көргім келеді. Және тағы біреуі – Мысыр шаһарын, пирамидаларды көруге қатты құмартам.

4. Егерде осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса кім болып келер едің (құс, жануар, жәндік, планета)? 

Маймыл болуға болады негізі, адам боп кетуім ғажап емес қой)

5. Өмірлік ұстанымың немесе жиі колданатын нақыл сөзің?

«Сабырлы бол!» Ойлап қарасам көбіне өз-өзіме осылай деп айтады екем, іштей өзімді сабырға шақырып. Басқасы есіме түспей отыр, соған қарағанда ұстанымсыз жүре берем-ау дим.

6. Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есіңде ме?

Ондай сәттердің көөөөп болғаны соншалық, Мейрамбек секілді мен де ұмытып қалыппын десем сенбейтіндеріңізді білем))

7. Кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)?

«Жан-жарымды» әлі іздеп жүрмін.

8.  Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің (былайша айтқанда кумир), неге ол адам?

Әншілерден көп, қайсібірін айтайын; ал сүйікті әртістерім – Джонни Депп және Джеки Чан.

9. Сүйікті спорт түрі?

Спортқа онша қызықпаймын, бірақ шашка ойнаған ұнайды.

10. Сүйікті кино? Неге дәл осы кино?

Қожа неше көрсең де жалықтырмайды, соған қарағанда менің сүйіктім осы ма деп қалам. Жалпы «Нарния хроникалары», «Гарри Поттер» секілді қиял-ғажайып киноларды жақсы көрем.

11. Үйде кім басшы? (болу керек деп ойлайсың)

Папам – үйіміздің басшысы. Және солай болуы тиіс.

12. Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Әйел адамның ұстағаны жөн деп ойлаймын.

13. Егер сіздің сүйіктіңіз басқа мемлекетке кететін болып ұйғарса, сізді өзімен шақырса барар ма едіңіз?

Егер шын сүйетіндей, онсыз өмір сүре алмайтындай жағдай болса баратын болармын. Айй, бірақ ондай сәт болмайтын да шығар.

14. Адамзаттың бұл дүниеге келуінің мәні неде деп ойлайсыз?

Тәңірдің қалауымен болған нәрсе.

Үфф, әйтеуір таныстырдым-ау өзімді. Енді нағыз массагеттік болдым деп қуанып отырмын. Негізі массагетте бұрыннан бармын ғой, бірақ сол таныспай жүре беріппін. Қазақтың еркесі мына кезексөзді қайта бастамағанда осы күйімде қанша жүретінімді қайдам? Сондықтан Назеркеге рақмет! Ал, енді кімнің кезегі еді?..