Кел, кітап оқиық!

Кітап – адам жанын емдейтін құрал. Айырылмас дос. Пайдасы да ұшан-теңіз. Алайда, қазіргі күні кітап оқитын жан азайып бара жатқандай. Сарқылмас қазынаның орнын түрлі әлеуметтік желілер, фильм, телесериялдар басқан. Сондықтан да, оқырманның қызығушылығын арттыру үшін әлем әдебиетінің түрлі жанрдағы үздік бестіктерін ұсынғым келіп отыр.

Махаббат- ұлы құбылыс. Ол жайлы сырлы сезім мен лирикаға толы кітаптарды барлығы сүйіп оқитыны сөзсіз. Махаббат жайлы кітаптардың үздік бестігінде көш бастап тұрған әйгілі жазушы Джейн Остиннің “Гордость и предупреждение” шығармасы. Екінші орынға атақты орыс жазушысы, классик Лев Толстойдың “Анна Каренина” романы жайғасты. Келесі сатыда американдық жазушы әрі журналист Маргарет Митчеллдің “Унесенные ветром” кітабы. Төртінші орында Анна Тодд атты жас жазушының “После” кітаптар желісі. Бұл шығарма қазіргі жастар арасында аса танымал. Бестікті жабатын Джоджо Мойестің “До встречи с тобой” туындысы. 2012 жылы жарық көрген бұл кітап оқырман арасында бестселлер атанып үлгерді.

Оқырман үшін қызық, шытырман мен күтпеген оқиғаларға толы жанр- детектив. Бұл бестікті бастап тұрған Эдгар Аллан Поның “Убийство на улице Морг” шығармасы. Осыдан екі ғасыр бұрын жарық көрген кітаптың оқырманы әлі де көп. Уилкен Коллинздің “Лунный камень” кітабы көпшіліктің көңілінен шығып, екінші орынға табан тіреген. Бәрімізге белгілі Артур Конан Дойлдың “Рассказы о Шерлок Холмсе” шығармалар желісі үшінші орында. Сіздерді қызықтырып, өзіне баурап алатын кітаптар қатарын Гилберт Честесонның “Тайна отца Брауна” туындысы мен Дэшил Хэммет атты американдық жазушының “ Мальтийский сокол” романы толықтырады.

Бүгінгі күні психология  танымал әрі дамыған сала. Екінің бірі осы саланы зерттеп, өз-өздерін танып, өмірін байланыстырып жатады. Яғни, психология жайлы кітаптарға қызығушылар да аз емес. Ендеше, көпшілікке ұнаған үздік бестікті атап шығайын. Бірінші орында, Эрик Берннің “Игры, в которые играют люди” кітабы, екінші Джон Грей “Мужчины с Марса, женщины с Венеры” туындысы, үшінші орында “Как научиться оптимизму” атты Мартин Селигманның психология жайлы ойлары, одан кейін Эрих Фроммның “Иметь или быть” шығармасы тұр, бестікті жабатын Ирвин Яломның “Вглядываясь в солнце. Жизнь без страха смерти” психологиялық туындысы. Осы кітаптарды оқи отырып өзіңізге өмірлік азық аларыныз сөзсіз.

Құрметті оқырман, өз мақаламда түрлі жанрдағы үздік кітаптарды атап өттім, өзіңізге керегін түртіп алып оқисыз деген үміттемін. Бұл бестікке енбей қалған қаншама керемет туындылар тағы бар. Басты мақсат, сізді кітап әлеміне шақырып, кітаппен дос болуыңызға кішкене де болсын септегімді тигізу.



Бөлісу: