Кек алу операциясы басталды!

Кек алу операциясы басталды!
жеке
блог
Алдында осында жариялағандай бүгін М.Әуезов театрының ашылуына бардым. Жұмыстан шыққан соң жалғыз қалай болар екен деп ем, бірақ жалғыз болмадым . Театрға кіргеннен күмбірлетіп күймен қарсы алуы көңіл көншітті. Біраз таныстарды, әріптестерді, достарды да көрдім. Жүздесіп қалдық. "Жас өркендегі" Жұлдыз Әбілда әпкені, Жадыра Нармаханоав әпкені, "Гүлстандағы" Назира Бурханованы көріп бір марқайып қалдым. "Ұландық" Азат Абықаевты көріп ерекше қуандым. Оны көрмегелі бірааааааз жыл болған екен. Қазір КТК-да жүр екен сабаз, біраз шүйіркелесіп, жақсы боп қалдым Smile .
Оййййй, негізі басқа нәрсе айтқым келіп еді. Жақын және жақсы жандарды көріп, қуанғаным ғой. Сомен театрға бардық. Театрдың 88 маусымы "Бейбарыс Сұлтан" (авторы Р.Отарбаев) спектаклімен ашылды. Бейбарысты (рөлдегі Азамат Сатыбалды) құлдықта жүрген жерінен Мысыр елінің әміршісінің бас уәзірі сатып алады. Қайсарлығымен Мысыр әміршісінің сеніміне кірген Бейбарыс еліне зарығып, Жайық жағасы, Қыпшақ даласын аңсап, жусан иісін ерекше сағынады. (Осы тұста жүрек ерекше күй кешеді екен, көргендер ғана түсінетін шығар)
Бейбарыс Сұлтан
Ерлігі мен бірге туған елге, жерге, Отанға деген махабатты мен сағынышы шынайы көрсетілген Бейбарыс Сұлтанның қойылымын толықтай айтпай-ақ қояйын. Көздерінде от ойнаған қыпшақ жауынгерлерін өз көзіңізбен көріңіз, патша көңілді көрермен!
P.S. Театрда кеткен кегімді қайтарам деген жоспарым сәтті басталды. Күнде барам деген жоспарым күшінде. Өзім істейтін газеттен де арнайы бір бет сұрап алдым. Енді әр аптада көрген қойылымдарым мен театр жаңалықтарын газетіміздің оқырманына да ұсынатын боламын. Бүгінгі кездескен бірнеше адам ойымды құптады, күнде театрға баратын болып
келістік. Ал ертең "Жаужүрек" қойылымы. Сіз де қапы қалмаңыз Laughing