Кедей директор әлде бай акционер?
блог
«Forbes» рейтингінде үнемі жоғарыдан көрінетін миллионер ұлымен Лондондағы ресторандардың бірінде кешкі ас ішіп отыр екен. Жас жігіт енді ғана Англиядағы беделді университетті тәмамдаған. Десерттен кейін әке баласына маңызды ұсыныстарын айтады.
– Қадірлі ұлым, міне сен енді жоғары білімді азамат болдың. Өмірде немен айналысатының туралы ойланатын кез келді. Менің бизнесім – сенің бизнесің. Біз серіктестерміз ғой!
– Иә, әке.
– Сен Манчестерге барып, менің еншімдегі химиялық өнімдер өндіретін зауыттың қаржы директоры болып тәжірибе арттырғың келе ме? Зауыт құжаттарын IPO-ға дайындау керек. Күрделі әрі маңызды жоба!
– Әке, мен ол зауытқа бала кезімде барғаным есімде. Ол жақтың ауасы ластанып кеткен. Қоғам да тек жұмысшылар табынан құралған. Мен ол жақта өмір сүре алмаймын.
– Жарайды, өзім де солай деп ойлап едім. Онда Эдинбургтегі біздің банкті басқарсаң ше? Жаңа несиелік өнімдер, интернет-банкинг, филиалдарды ашу керек! Мұнымен өзім де айналысқым келеді. Дегенмен уақыт тапшы. Одан бөлек, Шотландияға күнделікті ұшып барып, кері қайту мен сияқты қартайған кісінің шамасына ауырлау келеді.
– Әке, рақмет үлкен. Бірақ мен Эдинбургте не істеймін. Солтүстіктегі суық қала, қызығатын ештеңесі жоқ. Одан бөлек, шотланд ер азаматтарының юбка киіп жүретіні маған ұнамайды. Ол жақта достарым да жоқ.
Миллионер әке өзіне тағы виски құйып, артынша темекі тартады.
– Ал, болмаса, өзің не ұсынасың?
– Әке, сен өзің «біз серіктестерміз» дедің емес пе?
– Иә, солай ..., серіктестерміз.
– Ендеше, менен барлық үлесімді сатып алшы, әке!