Əке - асқар тауым.

Əр шаңырақта əкенің орны ерекше. Əке- отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі , қамқоршысы. Балаға ең жақын адамдардың бірі ол- əке. Əкенің орны қашанда бөлек. Əке асқар тауың, ана- шалқар көлің деп бекер айтпаған. Əке ол балалары үшін ыстықтада, суықтада, күн демей, түн демей жұмыс істейді. Əке үнемі жаратқаннан балаларынын амандығын бақытын тілейді.

   Əке- сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап- бағуға да жақсы тəлім- тəрбие беруге де міндетті адам. Əр əкенің арманы ол əрине, б баласының жақсы адам болып, жақсы оқу орнында оқып, өмірде өз жолын тауып бақытты болғаны. Əкенің жылы жүзі, ыстық құшағы, құлыным деп айтқан сөзінің өзі осы өмірде ештенеге тең келмейтіні анық. 

  Ал енді өзімнің əкем жайлы айта кетсем. Менің əкем мен білетін ең мейірімді, ең əділ, ең керемет əке. Мен үшін осы бейбіт күннің батыры. Əкешім үнемі бізге адалдықты, бауырмалдылықты, ұйымшылдықты үйретеді. Біз қиналсақ немесе ауырсақ əкеміз бізді күні бойы уайымдайды. Менің жетістігіме менен де қатты қуанатын адам ол- əкем. Мен əкем жайлы қандай əдемі сөз айтсамда бұнын бəрі аз екенін білемін. Кейде əке мейірімін көрмей өскен балаларды ойласам, өзімді осы өмірдегі ең бақытты адам сезінемін. Осындай əкем барына мақтанамын. Мұңайғанда демеу болатын, қиналғанда қасымнан табылатын ол - əкем.   Кейде əкемізді байқаусызда ренжітіп аламыз оны өзіміз де байқамаймыз. Сондықтан да əкемізді құрметтеп, ілтипат көрсету біздің парызымыз. Əкеміз жанымызда жүргенде қадірін білгеніміз жөн...



Бөлісу: