Қазыналы Қазалы, Ортаймаған қазаны

Қазыналы Қазалы, Ортаймаған қазаны
жеке
блог

Ия достар, бүгінгі "Туған жер" атты эстафета таяқшасын менде жалғастыра отырайын. Жалпы өмірімде біріншіден қазақ болып туылғаныма және Қазақстан жерінде, соның ішінде Сыр елі, Жыр елі демекші, Қызылорда облысы Қазалы ауданында 1988 жылдың 09 сәуірінде менде іңгәлап  дүниеге есігін ашқан болатынмын! Осы тұста өз туған жеріммен таныстыра кетейін достар!

Қазалы - Қызылорда облысының ауданы. аудан орталығы  Әйтеке би кентінен оңтүстікке қарай 12 км жерде Сырдарияның оң жағалауында орналасқан. Кейбір деректер бойынша елдімекен аты "қаза" деп аталатын балық аулау жабдығы атынан шыққан болса, басқа деректер бойынша, мұнда әділ қазылығымен халыққа жаққан бір адамға байланысты "Қазы" атанып, кейін Қазалы болып өзгерген дейді. Ал енді бір аңызда, ертеде осы өлкеде шалқыған көл болған. Көл беті жүзген аққу мен қаздан көрінбейді екен деседі. Осыған байланысты "Қаз елі"  атанған дейді. 1853 жылы Ресей әскері  бекініс салған. 1867 жылы қала мәртебесін алғанша 1 Форт атанған. Арал флотының негізгі айлағы  қазалыда орналасты. 1917 жылы Қазан төңкерісіне дейін Қазалы Сырдария уезінің, 1958 жылға дейін Қазалы әкімшілік ауданының орталығы болды. Аудан аумағында 10-11 ғасырлардағы Оғыз қағандығының орталығы Жанкент қаласының орны бар. Мұнда Орақ батырға, Жанқожа батырға кесенелер, т.б. тарихи тұлғаларға арналған ескерткіштер орнатылған. Қазалы ауданы жерінде Жалаңтөс пен Әйтеке, Жанқожа мен Ақтан, Ашабай мен Сырлыбай, Жылқыайдар мен Жетес, Үмбет пен Ерімбет, Ғани Мұратбаев, Роза Бағланова мен Мәдина Ералиева т.б. танымал әйгілі батырларымызбен би-шешендеріміз, өнер қайраткерлері дүниеге келген. Ал қазірде көптеген еліміздің дамуына үлес қосып жүрген аға-апаларымыздың көбісі сол қасиетті жерден. Мысалы мақтанышпен айта кететін болсақ, Жақында тағайындалған Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, Шөмішбай Сариев, Кеңес Дүйсекеев, Өмірқұл Айниязов, Алихан Дүйсенбай, Нұрдаулет Махамбет, Марина Вольнова сынды танымал өнер қайраткерлерін дүниеге әкелген жер. Қысқаша Нұрдәулет Махамбеттің  өлеңімен тәмәмдағым келіп отыр.

Қазыналы Қазалы.

Жарқылы түскен Алла назарының,

Атасқан Жанқожа елі Қазалының

Аңқылдап туған басым ақын болып, 

Жарқылдап жүрек сапар жаз әнімін.

 

Бұл жерде ақын туған, батыр туған

Ар менен адамдықтың атын қуған,

Алдынан теңіз шықса кешіп өтіп, 

Көліне көркемдіктің ақыл жуған.

 

Біледі бүгінгі күн мұны көптен

Бұл жерден Жібек жолы жүріп өткен

Қазалының кез-келген қазағының

Жаны жаз, жүрегі нұр, түрі көктем,

Ой арман, шалқар сана, ақыл аспан,

Жаралған жауһар, лағыл, зүміреттен

 

Осылай мақтан тұтам Қазалымды

Әйгілі Әйтекедей қазағымды

Жанкент жері Қорқытты дүине білген

Әулие Бегім Ана мазарымды

Бұл өлке киелі өлке, дана құшқан

Билікте әділ болған Бекарыс хан

Жалаң төс Баһадүрдің отаны бұл 

Дүниеде одан өткен жоқ арыстар

Сары Аман, Қожа Назар, Орақ батыр

Сананың сатысында санатта тұр

Көгіне көсемдердің армандаймын,

Ұшсам деп іліп алып қанатқа нұр.

 

Болсын деп түмен қазақ түркі айналам

Сұсынан сескенбеген сұрқай заман

Аруақ деп жау қуғанда Ақтан батыр

Оныда төбесінде бұл ойнаған.


Ия достар, айта берсем тарихыда, шежіресе мол, туған жерім жайлы деректер, мағлұматтар, әндерде, жырларда өте көп. Тек әттең уақытымның тапшылығы болмаса. Азда болса меніңде туған жерімнен мағлұмат алдыңыздар деп ойлаймын.

Қазалы жайында айтып жатырм, айтып жатырм, кішкене фотоларын көрсетіп жіберейін, жақынырақ таныса отырыңыздар?

Жарайды қалған фотоларыда сосын жариялайын ия!