Қазыналы білім ордасы - ҚазҰУ!

Қазыналы білім ордасы - ҚазҰУ!
жеке
блог

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі көш бастап тұрған оқу орындарының бірі. 87 жылдық тарихы бар Қазақ ұлттық қыздар университетінің бүгінде еліміздің жоғары білім беру жүйесінде өзіндік дара орны, айрықша беделі бар. Оқу орны құрылған күнінен бастап-ақ отандық білім беру мен ғылымның жарқын үлгісі, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау көзі болды.
Ұлт зиялылары қызмет атқарған ұлағат ұясында мыңдаған білікті маман даярланып, армандарын асқақтатып, қияға қанат қақты. Айтулы ғалымдарымыз түрлі ғылым салаларына қатысты іргелі зерттеу еңбектерін осы университет қабырғасында жазып, ел игілігіне айналдырды.

Қазіргі таңда университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады. «ҚазҰУ қалашығында» студенттерге қызмет көрсету мақсатында «Керемет» орталығы жұмыс атқарады.  Сонымен қатар факультет жатақханалары, тамақтандыру комбинаты және желіге қосылу компьютермен жабдықталған кітапхана да бар. Қазіргі сәтте университетіміздің бетке ұстар факультеттерінің бірі филология және әлем тілдері факультетінің «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының  1 - курс магистрантымын. Ұстаздарымның берген білімінің арқасында мамандығым бойынша білімім шыңдалуда. Себебі ұстаздар қатары заман талабына сай білім беруде шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың қазіргі жаңа технологиясын жетік меңгерген. Сонымен қатар ҚазҰУ әлемнің ең ірі 418 халықаралық жоғарғы оқу орнымен ынтымақтастық орнатқан.

Бұл білім мекені мені білім нәрімен ғана сусындатып қоймай, жаңа қырларымды ашуға мүмкіндік берді. Қызыққа толы студенттік шағымның қарашаңырақ ҚазҰУ-да өтіп жатқанына қуанамын. Себебі, білім алған ордамның рөлі тұлға ретінде қалыптасуыма септігін тигізді.


Қазақ Ұлттық университеті,
филология және әлем тілдері факультеті,
1- курс магистранты Каримова Б.,
Жетекшісі Күзембекова Ж.Ж