Бүгін Қазығұртта Наурыз тойы
Гугл-мапстың картасынан бүгінгі ауа райын қарасаңыз, ақ бұлттың арасынан Қазығұрт түгілі, тасы тершіген Тәшкенің де көрінбей қалыпты. Негізі ауа райы жағынан Тәшкенге жақынбыз.
Дегенмен, аспанды бұлт жапты екен, жаңбыр себелеп тұр екен деп ешкім елеп те жатқан жоқ. Орталық алаңға орнатылған ақшаңқан киіз үйлердің үстін полиэтилен жабынмен жауып тастап, сіркіреген жауыннан қорғанудың есебін де тапқан. Мұндай тапқырлықты тек қазығұрттықтар ғана ойлап табатын шығар, ия))
Қазығұрт. Бір сөзбен: түнерген аспан, қаз тізілген ақшаңқан аппақ үйлер, көтеріңкі көңіл күй, тойлаған жұрт.