Қазы жеуге бола ма?

Қазы жеуге бола ма?
жеке
блог

Бүкіл еуропа жемейтін, айтса атынан шошитын жылқы етін біздің қазекең «соғым» ретінде жыл сайы, жыл он екі ай жейді. Өзім де қазы жегенді жақсы көрем. Енді мына Жылқы жылында жылқыны жегеніміз қалай болар екен өзі?

Мәселен деймін де, еуропалықтарға контрабанда жолымен әкелінген жылқы етін сиыр еті деп астыртын сатып жүргенде, мұны біліп қойған олар даурығып, бұл мәселені халықаралық деңгейге жеткізген. Тарихта философ әрі аспаз Жан Антельм Брилья-Саварен есімді француздың «Не жейтініңді айт, мен саған кім екеніңді айтып берем» деген сөзі қалған екен. Бұл сөз – жылқы етін жеуге байланысты толғамдарда керемет мәтелге айнала кетті-ау деймін. Әйтеуір еуропалықтардың жылқы етін жемейтініне байланысты жазылған мақалалардың барлығында да осы сөз жүр екен.

Бірақ деймін де, бір адамды көріп, ұлтына сондай сипаттама беруге болмайтынын бәріміз де жақсы білеміз ғой иә? Ендеше біреуі жылқы етін жемеді екен деп, бүкіл еуропа жылқы етін жемейді деген тұжырым жасамай қоя тұрайық. Онда да «конинаны» «өліп» жейтіндер табылады. Тіпті қазыны соңғы кезде спортшыларымыз олимпиадаларда қалай насихаттап жүргендігін де білеміз. Ильиннің не дегенін бәріңіз де білесіз. Жейді. Тек әлгі «сиыр еті» деп алдап сату олардың жылқы етіне деген күмәнді антипатияларын өршітіп жіберген сыңайлы деп ойлаймын. Бұл бір деп қойыңыз.

Екіншіден! Еуропалықтардың «Біз жылқы етін жемейміз!» деуінен олардың өзін өзгелерден (жылқыны жейтіндерден) жоғары қоятыны маңызды рөл ойнап кеткен сыңайлы. Олар өздерінің бұл ісін нақтылап ақтап алу үшін жылқыны «мәртебелі» («благородный») хайуан дейді. Laughing

Қойшы енді, еуропалықтарға деген еш өкпеміз жоқ қой. Тек мына жылқы жылында ет жемей, әлемге бір PR жасап қалсақ қайтеді екен деген «сыпсың» ойлар келіп жатыр да. Неге бас тартпасқа? Бір жағынан қарасаң жылқы етін жемесек өліп қалмаймыз да ғой? Бірақ енді кім біледі, шетелде жүрсең «Борат!» деп танитындар үшін сондай бір PR-акция өткізіп жіберсек – тамаша болар ма еді? Бірақ мәселенің екінші бір ұшы бар. Ойланып көрейікші...

Неге біз жылқы етін жейміз де, басқалар жемейді?

Меніңше, бұл жерде ділдердің қақтығысы секілді. Интернет заманы деп, онлайндағы шекарасыздық біздің айтып отырған ұлттық идеологиямызға, наным-сенімімізге, дәстүрімізге, тіпті мәдениетімізге зиянын тигізбесе екен деген ойым бар...

Десе де, астарыңыз дәмді болсын! Жаңа жыл құт-береке әкелсін! Cool