ҚАЗҰУЫМ - МАҚТАНЫШЫМ!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) — Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының үздіктерінің алдыңғы қатарында.

Елбасымыз Н. Назарбаевтың қолдауымен ҚазҰУ аумағы қала ішіндегі ғажайып қалашыққа айналды, ҚазҰУ мұражайы, жастарға арналған Интернет орталығы бой көтерді. Қазақ ұлттық университеті 16 факультеттен, 20 ғылыми зерттеу институттары мен ғылыми орталықтардан, тіл және ақпараттық технология орталықтарынан тұрады.  Оқу орнында студенттердің білім алуына барлық мүмкіндіктер жасалған. Қалашықта жаттығу залы, спорт алаңы, 5 мың көрерменге арналған алаң, спорттық ойындар залы және футбол алаңдары бар. Қалашықтың барлық территориясында  сымсыз жүйе «WIFI» жұмыс істейді. Қалашықтағы студенттер үшін тағы бір ерекше аймақ–Әл-Фараби кітапханасы. Тек студенттер емес, юю қатар, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлерді қоса алғанда оқырман саны–20 мың, кітап қоры–2 миллион, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы мен Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы қалашықтың–көрікті де әсем ғимараттарының бірегейі. «Керемет» орталығы, расында да, керемет, себебі, орталықтан керектінің бәрін табуға болады, кинотеатр, кафе, сұлулық салоны, дәріхана, кітап дүкені, жаңа медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған емхана, халыққа қызмет көрсету орталығы да бар. Мұнда «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс атқарылады, жалпы 8 павильоннан, 5 сектор мен бөлімдерден тұрады. Алысқа кетпей-ақ, «Казгуград» қалашығында барлық іспен шұғылдануға, білім алуға, іс-шараларға белсенді ат салысуға, спортпен шұғылдануға болады. Көркіне көз тоймайтын қалашықтың қазақ даласында бой көтеріп, студенттердің игілігіне жарауы мені қатты қуантады. 

Сонымен қатар, студенттер сарайында өнерлі студенттерге арналған студенттер клубы жұмыс атқарады. Студенттер клубының дарынды мүшелері талай байқаулардың жеңімпаздары. Соның бірі ретінде, «Бақыт» би ансамблін ерекше атап өтуге болады. 

Университетімізде дәстүрлі түрде «Жалын» бірінші курс таланттарын анықтау, «Студенттік көктем», КВН, «Ана тілі аруы-Жігіт сұлтаны» сияқты байқаулар жоғары деңгейде өткізіліп тұрады.

Университеттің 88-жылдық аса бай тарихы Қазақстанның академиялық ғылымы мен жоғары мектебінің дамуы және қалыптасуымен тығыз байланысты. ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады. Университеттің мыңдаған түлектері Қазақстанның және оның аумағынан тыс жерлердегі өндірістің барлық салаларында табысты еңбек етуде.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің,

механика-математика факультенің 1-ші курс студенті

МИЗАМБАЕВ БАҚДӘУЛЕТ МАДИЯРҰЛЫ

 

Жетекшісі: ҚазҰУфилология факультеті, Шет тілдер

кафедрасының аға оқытушысы

ТЛЕУЛИНОВА МЕЙРАМКҮЛ БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ.



Бөлісу: