ҚазҰУ менің мақтанышым

                                                    ҚазҰУ менің мақтанышым

Осы қиындығы мен қызығы қатар жүретін мынау дүниеде қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да өміріндегі ең бір ұмытылмас кездер универистет қабырғасындағы керемет шақтар. Мен де осы бір керемет кезеңнің табалдырығын аттап, балалық шақпен қоштасып , жаңа бір белеске аяқ бастым. Менің  арманым мені Алматы шаһарына, Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне жетеледі. Осыдан бірнеше жыл бұрын арманыма айналған білім ордасы, қазіргі кезде шындыққа айналып,арман қала – Алматыға бас тіреген жайым бар. Мен университеттің есігін айқара ашқан күннен бастап, мені жаңа әлем, жаңа адамдар, жаңа достар күтіп тұрғанын оған қоса мойнымда үлкен жауапкершіліктің барын сезіндім. Өйткені осындай заңғар университеттің студенті атану әркімге бұйыра бермес бақ деп білемін. Ал енді осы басыма қонған бақты аялау әрі қарайғы менің басты міндетім. Әл – Фараби бабамыз өз сөзінде: « Бақытқа жеткізетін еркін әрекет —  тамаша әрекет» дегендей, сол тамаша әрекеттің бірі – ол білімге деген құштарлық деп санаймын.

Университетке аяқ тірегелі бері өзімді нағыз телегей теңіз білім ордасына, жалынды жастардың қатарына енгеніме өте қатты қуанамын. Өйткені, Талай түлектің арманына айналған ҚазҰУ-да оқу мүмкіндігі бұйырды. Аллаға шүкір. Шынында да, арман боларлықтай атына заты сай әсем қалашық менің жүрегімді бірден жаулап алды. Өз білімі мен дарынына сенетін көңілді де ізденімпаз жастардың ордасы екені көзге көрініп-ақ тұр, мен өзімнің осы күннен бастап жаңа өмірге араласа бастағанымды сезіндім. Осылайша менің студенттік өмірім басталып та кетті...ҚазҰУ болашаққа нық қадам бастырар саналы ғұмырдың бір айғағы іспетті. Сезім мен көңілдің жетегімен кетуге де болмас, айтайын дегенім, еліміздің басты оқу орны менің білім алуға деген ынтамды өрлеткендей болды. Қара шаңырақтың қоластына жиылған жиырма мыңға жуық ізденушінің талабын тауға қарай домалатар жағдайдың барлығы да жасалған. Әрине мұны ғажайып әлем десе де болар, ең бастысы талай бала кыранның қанатын ұштап, қияға самғатқан студенттер сарайы, тарихы тереңде жатқан ҚазҰУ-ды бір сәтке көз алдына елестететін жеке мұражай, заман талабына сай жабдықталған үш жүз адамдық интернет орталығы тағысын тағылар, айта берсең толып жатыр. Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші ,әрі әлемдік білім нарығындағы бәсекеге қабілетті, әлемдегі ең үздік 800 университет арасында 275-ші орынды иемдене білген, Қазақстандағы нөмері бірінші университет сонымен қатар білім мен ғылымның ұлттық көшбасшысы.

Университет қабырғасында жан – жақты, біліктілігі жоғары, қазақтың керемет ақын – жазушыларының алдын көрген, сол ұлы кісілерден дәріс алған отушы-профессорлар, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, доценттер қызмет атқарады.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 180-нен астам гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды дайындайды. Университетімізде 14 факультет шоғырланған, олар: механаника-математика, физика, биология, химия, филология, журналистика, тарих, география, философия және саясаттану, экономика және бизнес, заң, шығыстану, халықаралық қатынастар, шетелдік азаматтарға арналған дайындық факультеті. Осы жерде білім алатын барша студенттер үшін жан-жақты даму үшін, көшбасшылық қабілетті қалыптастыру мақсатында, өз-өзін кемелдендіріп, еркін, заманауи дамыту үшін бар жағдай жасалған. Сол бар мүмкіншілікті пйдалана білу, әр студенттің өз қолында. Мәселен, интернет орталығы, Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, мұражай., тамақтандыру комбинаты, студенттерге қызмет көрсету орталығы «Керемет», компьютерлі- техникалық жабдықтар, WI-FI сымсыз интернет желісі , ауқымы кең спорттық кешен сынды орталықтар орналасқан. Онымен қоса ең бай кітапхана – Әл- Фараби атындағы кітапхана орналасқан. Қойнауы кітапқа бай, зәулім сарайлы кітапханамызда әр студент өзінің керегіне еш қиындық қол жеткізе алады .Университеттің ерекшелігі және өзіме қатты ұнағаны – студенттер үйі де, 14 факультет ғимраттары да, жоғарыда аталған кешендердің барлығы бір қалашықтың ішінде орналасқандығы. Оған қоса барлығы да әр студенттің қауіпсіздігі үшін байне камералармен жабдықталған. Қалашықтың табиғаты өте тамаша! Айнала қоршалған жасыл желекті ағаштар, хош иісті гүлдер, таза ауасы, ең бастысы шыңы аспенмен таласқан заңғар Алатау орналқан. Сол Алатаудың шыңы әр студентті, жалпы әр адамды биікке жетелейтіндей көрінеді. Қалай десем де, ҚазҰУ-мен мақтанамын, тіпті халыққа танымал болып жүрген азаматтарды біздің түлегімз деп естігенде, көңілім көтеріліп, бір марқайып қалатыным бар. Мен сол тұлғалардың отырған аудиториясында отырып, сол кісілерге сабақ берген ұстаздардан тәлім алып жүргенім маған жігер береді. Әлемдік дәрежедегі білім мен спорт сайыстарында топ жарып жүрген ҚазҰУ студенттері сол аға буынның жалғасы шығар, мен де сол үрдіске ілесе алсам, жетілгенім және самғап ұша алатындай болғаным деп сенемін.Бұл менің университетімді асыра мақтағаным емес, бұның барлығы шынайылықпен, махаббатпен жазылған шынайы дүние. Менің осы университетте алған білімім кейінгі болашақтағы орнымды ойып тұрып табуға, биік шыңға жетелейтініне үлкен сеніммен қараймын. Мағжан Жұмабаев айтқандай: «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, Мен жастарға сенемін!», – демекші арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастардың отаны – Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті !

Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Механика- математика факультетінің 1- курс студенті  Ильяс Айнур Жумағазықызы

Жетекшісі : М.Б.Тлеулинова



Бөлісу: