ҚазҰУ – мақтанышым!
блог
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан Республикасының ең үздік жоғары оқу орындарының бірі. 1934 жылдың 15 қаңтары Қазақстандағы тұңғыш көп салалы университеттің ресми ашылған күні болып саналады. Сол күні оқытушы-профессорлар құрамы туралы бұйрыққа қол қойылып, алғашқы студенттерді қабылдау басталған. Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады: 2000-нан астам профессор, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары, 100-ден астам академиялардың академиктері, 30-ға жақын Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткерлері, 30-дан астам Қазақстан Республикасының мемлекеттік және атаулы сыйлығының лауреаттары, сондай-ақ 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары мен 45 мемлекеттік ғылыми стипендиялардың стипендианттары еңбек етеді. Университетте 25 мыңнан астам студент пен көпсалалы жоғары кәсіби білім жүйесі бойынша магистранттар білім алуда.
Қара шаңырақ оқу ордасы бүгінгі заман талабына жабдықталған бірден-бір оқу ордаларының бірі. Спорт, мәдениет, қоғамдық шаралар, ғылым, білім беру және инновациялық өндіріс интеграциясы бойынша алдыңғы қатарда десек қателеспейміз.QS аналитикалық есебінде атап өтілгендей, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 42 орынға ілгерілеп, жаһандық рейтингте 165-орынды иеленді және «әлемнің ең үздік 200 университеттерінің қатарына енген алғашқы қазақстандық жоғары оқу орны болды».
– Әлемдік жоғары білім беру тарихында бұрын-соңды болмаған қарқынды дамуды көрсете отырып, 9 жыл ішінде университет шамамен 500 орынға алға жылжыды. Әлемдік рейтингте қысқа уақыт ішіндегі бұндай бірегей ілгерілеу «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ феномені» деп аталып шетелдік сарапшылар назарын өзіне аудартқан болатын.
Қытайтану кафедрасының 3 курс
Шетел филология мамандығының студенті: Мамыр.Қ
Жетекшісі: Шарыпқазы Нұртәліп.