ҚазҰУ - қашықтықтан оқыту үдерісі
Елімізде белең алған жағдайларға байланысты университет қабырғасында қашықтықтан оқыту жүйесі енгізілген болатын. Әр өңірден жиналған студенттер болсын, магистранттар болсын барлық дерлігі осы жүйелер бойынша білім алуға тура келді.
Қашықтықтан оқыту бұл оқу үдерісінің оқытушы мен студенттер арасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқу үдерісін жүргізу мен ұйымдастырудың заманауи тәсілі. Кәсіби дамуға ұмтылатын бәсекеге қабілетті маман өзінің негізгі қызметінен үзілмей жаңа білім алу жолдарын іздестіреді. Ал жоғары оқу орындары мамандарға қойылатын талаптардың өсуіне байланысты оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іздестіреді, білім беруге жаңа технологиялар енгізеді. Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқыту.
Қашықтықтан оқу – жұмыстан қол үзбей қолайлы уақытта кез келген жерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен оқу.
Қашықтықтан оқытуды жүзеге асыратын жүйеге мыналар жатады:
- Компьютер
- Видеотаспа
- Аудиотаспа
- Тьютор
- Интернет
- Арнайы бағдарламалар (мысалы, «MOODLE» бағдарламасы)
Қашықтықтан оқытудың өзіне тән оң және туындауы мүмкін қиындықтары да кездеседі.
Оң ықпалдарына:
- Бейімділік
- Икемділік
- Әлеуметтілігі
- Ақпараттық технологиялар
Кездесуі мүмкін қиындықтар:
- оқушының дәл уақытында болмауы
- екі жақты диалогтың орнамауы
- уақытты басқара алмау.
Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары:
1. білім беру қызметінің арзандығына қарамай, кешкі немесе сырттай оқу түріне қарағанда әлдеқайда жоғары кәсіби дайындық ;
2. оқу мерзімін қысқарту;
3. Қазақстан мен шет ел ЖОО-да қатар оқу мүмкіндігі;
4. Студенттің ЖОО-ның географиялық орнына тәуелсіздігі.
5. Ата-ана бақылауы (ата-аналардың білім беру үрдісін және оқытушылармен қарым-қатынасын бақылау мүмкіндігі).
Стратегиялық проблемалар жөніндегі мамандар қашықтан оқыту формасын ХХІ ғасырдың білім беру жүйесі деп атап жүр. Бұл күні оған үлкен мән беріліп отыр. Бұрын технологияларға бағытталған қоғамдық прогрестің нәтижелерінің бүгінде ақапараттық аймақта орталықтандырылып жатқаны қашықтан оқытудың маңыздылығын арыттырды.
Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытудың 2 технологиясы пайдаланады:
1 - желілік технология – Интернет арқылы оқу. Университеттің білім беру порталында студенттер электрондық курстарға тіркеледі, ондағы бар материалды дәрістер және басқа оқу қорлары бойынша оқиды. Сосын автоматты түрде тестіленеді немесе тапсырмалар орындайды. Оқытушы, тапсырманы тексеріп, пікір жазып, баға қояды.
2 - кейстік технология, студентке оқу-әдістемелік кейс, яғни семестрге барлық материалдар мен тапсырмалар беріледі, ол тапсырмаларды орындап, график бойынша оқытушыға жіберіп отырады.
Негізінен қашықтықтан оқытуда басты рөлді алатын электронды оқулықтар мен жазбаша тапсырмалардың сапасы. Өйткені, электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Әр бір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, сұрақтарға жауап беріп, кестелермен жұмыс жасауға дағдыланады.
Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай-ақ оқытушыларға өзіне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай, жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ал жазбаша тапсырмалар –оқытудың бұл формасында кеңінен қолданылатын тапсырмалар жүйесінің бірі. Онда белгілі бір тапсырмаларды орындау,сұрақтарға жауап беру, тьютор ұсынған әдебиеттерді белгілі бір формада жазып тапсыру сұралады.
Қашықтықтан оқытуда қолданатын бірнеше бағдарламалар бар, олардың ішінде өзіміз өтіп жүрген Microsoft Teams, ZOOM, E-learning бағдарламаларын атасақ болады. Университетімізде әсіресе осы екі оқу бағдарламасы жүзеге асуда. Мысалы ZOOM бағдарламасы туралы айтатын болсақ, ол - электрондық оқыту жүйесі, қашықтықтан оқыту, компьютердің көмегімен оқыту, желілік оқыту, виртуалды оқыту, ақпараттық, электрондық технологиялардың көмегімен оқыту болып табылады.
Бұл жүйе оқытудың барлық үрдістері жүргізілетін және ұйымдастырылатын платформаны ұсынады. Қашықтықтан оқыту жүйесі осы немесе басқа да желіде жұмыс істеуге қолайлы бірнеше құралдардың жиынтығынан тұрады:
- форумдар
- Чаттар
- тестілеу жүйесі
- файлдарды алмастыру жүйесі
- электрондық тізім,
- виртуалды сынып бөлмелері,
- блогтар
- виртуалды зертханалар және тағы басқалар
Сонымн қатар Е- learning оқу формасы бүгінгі күнгі ең озық білім беру формасының бірі болып табылады және де ЮНЕСКО - ның қолдауымен әлемнің алдыңғы қатарлы білім беру ұйымдарына жедел түрде енгізілуде.
Электрондық оқыту жүйесі енгізілген елдердің алдыңғы қатарына мына мемлекеттер енеді: АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Германия, Италия, Франция.
Зерттеушілердің айтуынша, шетелде 70% студенттер білім алудың қашықтықтан оқыту түрін таңдайды. АҚШ - та 200 - ден астам университет және мыңдаған колледждерде электрондық оқыту дамыған, ал электрондық курстардың саны жыл сайын шамамен 30 - 40%-ға ұлғаю үстінде.
Қазіргі уақытта дүниежүзі бойынша 100 миллионнан артық адам электронды түрде білім алып жатыр.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Тарих, археология және этнология факультеті
Т.ғ.к., доцент Л.М. Хасанаева
2-ші курс магистранты Даирова Гүлдана