ҚазҰУ қашықтықтан оқыту жүйесі

2019 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстандағы ЖОО мен колледждердің студенттері коронавирустық пандемияға байланысты қашықтықтан оқи бастағаны белгілі. Коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында (COVID-19) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті озық цифрлық білім беру технологияларын қолдану арқылы қашықтықтан оқытуға толықтай көшті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғылыми-зерттеу университетінің айналуының маңызды құрамдас бөлігі барлық бизнес-процестерді сандық форматқа ауыстыру болды.

Соңғы жылдары университетте ақылды ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым мен ақылды кампус құрылды, бұлтты және мобильді технологиялар енгізілді, ақпараттық технологиялардың дамуы университетті сапалы жаңа цифрлық деңгейге шығарды. Бұл дегеніміз қазіргі сабақ кестесіне сәйкес оқу үдерісін қашықтықтан оқытуға тез ауыстыруға мүмкіндік береді деген сөз.

«Университетіміз заманауи және дамыған IT-инфрақұрылымы барлық студенттерді қашықтықтан оқытумен қамтуға мүмкіндік беріп отыр. «Универ 2.0» және «Moodle» – ақпараттық және білім беру платформалары қолданылады. «Универ 2.0» жүйесі – бұл ҚазҰУ-дың инновациялық дамуы, студенттің оқуға түсуінен бастап, оны бітіргенге дейінгі оқу үдерісіне қолдау көрсетеді. Бағдарламалық жасақтама пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің курстары мен базасын құруға, жеке немесе топтық дәрістер өткізуге, тапсырмалар беруге, олардың студенттермен орындалуын қадағалауға, курстың даму дәрежесін бағалауға және тағы басқаларға мүмкіндік береді.

«Универ 2.0» жүйесінің әлемдегі ең танымал қашықтықтан оқыту жүйесі болатын болса, «Moodle»-мен бірегей интеграциясын жүзеге асырады.

Бұл жүйенің артықшылығы – желідегі студенттердің үлкен ағымын қолдау үшін жылдам масштабтау, оқытушымен жеке хабарлама алмасу, топтық дискуссия және кез-келген форматтағы файл алмасу құралдарын пайдалану мүмкіндігі.

Қазақ ұлттық университеті мен «Microsoft» арасындағы тиімді серіктестік сонымен қатар қашықтықтан оқытуға үлкен мүмкіндіктер береді. Белгілі әлемдік IT компаниясымен ынтымақтастықтың және Office 365 бағдарламалық жасақтамасын енгізудің арқасында студенттер мен оқытушылар білім беру үшін «Microsoft Teams» қызметін қолдана алады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып оқытуды жүзеге асыруға өз ресурстары жоқ басқа оқу орындарына өз платформасын ұсынуға дайын.

 Қазіргі жаһандану заманында университеттер студенттер мен жаңа буын жас мамандарды даярлау орталығы ғана емес, сонымен қатар инновациялық идеялар мен интеллектуалды ойлау орталықтары болып табылады.

Біздің университетіміз Университет 4.0 жаңа моделін қолдана отырып, тиімді жағдайға жетті деп айтуға болады. Яғни штат кестесін өзгертпестен қашықтықтан оқытуға көшуге мүмкіндік берді, сонымен қатар бірнеше жылдан бері біздің университет MOOC-тарда (жаппай ашық онлайн курстарда) тәжірибе мен дағдыларға ие болды.

Университеттің барлық қызметтері мен бөлімдерінің дайындығы тез ауысуға ықпал етті, әсіресе көптеген жұмыстар Универ жүйесінің қауіпсіздігін, қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін, профессорлық-оқытушылық құрамға барлық нұсқаулықтарды беретін бағдарламашылармен жүзеге асырылды.

Сонымен қатар студенттерге түрлі виртуалды бағдарламаларды, мысалы, «Microsoft Teams», «Zoom», қашықтықтағы курстар, «YouTube» ағыны және басқа да сыртқы ресурстарды қазақ және орыс тілдерінде, DOT арқылы оқытуға арналған ағылшын тіліндегі қашықтықтағы курстар мен студенттердің нұсқаулықтарын, яғни дәрістер, семинарлар, практикалық және зертханалық форматтарды ұсынады.

Қазіргі таңда профессорлық-оқытушылар құрамы пәндердің ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі виртуалды алаңдарда сабақ өткізеді. Сонымен қатар, әртүрлі онлайн-конференция, вебинарлар өткізуде.

Жаңа платформаларды игеру, тесттер, жобалар, кейстер, эсселер құрастыру және оны жүктеу мұғалімдердің мойнына үлкен салмақ пен жауапкершілік түсті. Көптеген вебинарларға онлайн қатысу керек. Қазақ ұлттық университетінің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедра оқытушылары қашықтықтан оқытуда студенттерге, магистранттар мен докторанттарға өз білімдерін беруде. Сабақтан тыс кураторлар студенттермен кураторлық сағаттарды өткізеді. Кестеге сәйкес бөлімнің онлайн-отырыстары өткізіледі.

Осы бір жыл көлемінде университетте үлкен жұмыстар атқарылды. Университеттің жұмыс қарқыны одан әрі серпінді бола бастады. Заман ағымына, осы жаңалықтар мен өзгерістерге ілесу үшін университет оқытушылары өз шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, бағыт-бағдар беруде.

Нуртаева Меруерт

Филология және әлем тілдері факультетінің магистранты

Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., доцент С.Б. Бектемирова



Бөлісу: