ҚазҰУ қалашығына бір күндік саяхат!
блог
Мен қазір Алатау баурайында орналасқан, биіктігі көкпен тірескен ҚазҰУ қалашығында жүрмін. Айналам жасыл желекке оранған шыршалар мен қайыңдарға толы. Сағынған сарғая келген сары күздің самал желі есіп тұр. Айналаға көз салып қарасап тұнған тарихты көргендей болам! ҚазҰУ қалашығына кірген сәтте көзге оттай басылатын,ол әрине, тау тұлғалы Әл-Фараби атамыздың бейнесі.Бұл бейне арман қуған жастармызға яғни бізге ерекше күш беріп тұратындай. Ендігі кезекте айналға көз салып қарасам, аспанмен таласа бой көтерген әсем ғимараттар тізбегін көрем. Осы көз жауын алар ғимараттар тізбегін көрген сәтте киелі қара шаңырақ тарихынан сыр шерткендей болады. 80-жылдық тарихы бар ҚазҰУ қалашығында қазіргі таңда 14-факультет, халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген Ө.Жолдасбеков атындағы зәулім сарайымыз бой көтеріп тұр. Осындай өзі бір қалашыққа айналып тұрған ҚазҰУ қалашығы, қазіргі таңда кез-келген қазақ балаларының арманы болып отыр. Міне, осындай алып шахар Алматы төрінен орын алған, өзіндік тарихы бар Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті атанғаныма бақыттымын!