ҚазҰУ– жалынды жастар іргетасын қалаушы,қасиетті білім ордасы.

Жас буын әрбір мемлекеттің аға буынының болашаққа деген үміті, жарқын сенімі. Ел басқару жауапкершілігін абыроймен қолда ұстай білетін, халық мүддесін қорғай алатын жастар – жарқын болашақ кепілі. Әрбір елдің жастар іргетасы жанұяда, содан соң қоршаған ортада, мектеп пен университет қабырғаларында қалыптасады. Елді сүйю, тәуелсіздіктің бағасына жете алу, тарихты біліп құрметтеу, отан үшін қызмет ету – санадан, тәрбие мен иманнан.

Жалынды, саңалы жас буынды тәрбиелеп, жетілдере түсетін кезең – cтуденттік кезең. ҚазҰУ еліміздің мәртебесін асқақтата білетін, халық мүддесін жоғары қойатын жастар легін тәрбиелеген және қазіргі уақыт шеңберінде де тәрбиелеп жатқан дәрежесі жоғары білім ордасы.

ҚазҰУ 1934 жыл – еліміздің білім ордаларының қатарына қосылғалы талай елімізге еңбегін сіңірген, дамуына, алға қарай жылжып, әлемдік деңгейде танылуына үлес қосқан азаматтар мен азаматшыларды тәрбиелеп, өсірген алтын ұя. Спорт, ғылым саласы, журналистика, ұстаздық қызмет салаларын қарайтын болсақ, әр салада өзіндік үлесін қосқан ҚазҰУ жалынды жастарын көретініміз айдан аңық.  87 жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті -  жалынды жастарды өсіп жетілдірген, білім мен ғылымға деген ізденісі мен құштарлығын бойына сіңірген білім ордасы. Қасиетті қара шаңырақтың іргетасын қалаған, университетіміздің дамуына зор үлесін қосқан халық майталмандары, олар: М.О.Әуезов, Т.Т. Тәжібаев, А.З.Зәкәрин, Т. Б. Дарқанбаев, Ө.А.Жолдасбеков және тағыда басқалар. Қазіргі уақыттағы университетіміздің жетістіктері осы ұлы тұлғалардың өшпес сенімі мен талмас еңбектерінің нәтижесі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемдік топ – университеттер қатарында жоғары дәрежеде алға жылжу үстінде. Халықаралық әрі әлемдік деңгейде өзінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеген білім ордамыздың алдында жаңа міндеттер мен мақсаттар тұр. Қазіргі уақытта университетте жоғары кәсіби білім беру жүйесі бойынша 25 000-нан астам студент білім алуда. Оларға 2000-нан астам профессор, ғылым кандидаты мен философия докторлары, 100-ден астам академиктер, 30-ға жуық Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткерлері сабақ беруде.

Университетіміздің осы жылғы жетістіктерін атап айтсақ: ҚазҰУ – «Asia Pacific Rank Pro World Leading Universities» рейтингінде ТОП-200 ішінде 176-орынға ие болды; смарт-технологиялар мектебі ашылды, Times Higher Education University Impact Rankings-2021 рейтингінде ең үздік қазақстандық ЖОО деп танылды, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Елбасы саябағы» ашылды.

ҚазҰУ– жалынды жастар іргетасын қалаушы,қасиетті білім ордасы, ал жалынды жастар еліміздің болашағы. Иә, жастар – қозғаушы күш, елдің ер­теңі. Бүгінгі таңда білімді де білікті, еңбекқор әрі отан сүйгіш, көк байрағымызды желбіретіп, туған жеріміздің мерейін асқақтатар, жас маман —  біздерміз! Жас толқын болып толқып, ана тілімізде сайрап, өзге тілдерді жетік меңгеріп, туған жеріміздің кемел келешегін биіктерден көруге үлес қосайық, саналы ұрпақ!

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының

оқытушысы Шәріпқазы Нұртәліп

4 курс студенті Мурзатаева Роза



Бөлісу: