ҚазҰУ Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасына алғысым!
блог
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы 1950 жылы құрылған. Аталған кафедраның құрылуына білім беру саласында көптеген жылдар бойы қызмет еткен көрнекті ғалымдардың ерен еңбегі зор. Мұнда жоғары дәрежелі ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, PhD докторлары секілді өз ісінің майдангер майталмандары студенттерге барынша сапалы білім беруде.
Кафедраның негізгі мақсаты қазіргі заман талабына жауап бере алатын жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, ел болашағының педагогикалық саласының дамуына айтарлы үлес қосатын мамандар дайындау.
ҚазҰУға оқуға түскен алғашқы күндерімнен бастап кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының үлкен қолдауын сезіндім. Бұл орайда кафедра басшылары мен оқытушылары жаңадан түскен магистранттардың оқу орнына орналасуын қамтамасыз етіп, олардың еш кедергісіз сабақты бастауға жағдай жасады.
Оқытушылардың берген сабақтары мен оқыған дәрістері қызықты, әрі тиімді болды. Кафедра қабырғасында көптеген конкурстар мен іс-шаралар өткізіледі. Солардың біріне өзім де қатысып, ұйымдастырылуына тікелей ат салыстым.
Осы кафедра ұжымының арқасында ерең еңбек пен өз ісіне деген жауапкершілік әлі де болса үлкен сұраныста екенін түсіндім. Сондықтан, тек табанды жұмыс барысында ғана елеулі жетістіктерге жетуге болады деп есептеймін.
Арманым болған магистратураға түсу ойымды дәл осу оқу орнына бұрғаныма және мамандығымды дәл осы кафедрада жалғастырып жатқаныма еш өкінбеймін. Болашақта осы кафедрада жұмысқа тұру мақсатымда да бар. Ары қарай осы кафедраға деген алғысымды келесі өлең жолымен жалғастырығым келеді.
Ассалаумағалейкум сөздің басы,
Алдыңда Мақсат магистрант сөз қозғасын.
Карантин қара бүйіріне батса көптің
Қиналмай білім алдым мен өз басым.
Қазаққа қара сөзден өлең жақын
Өлеңді жоғарыға қойған-ау тым.
Оқу орныма, ұстаздарға риза болып,
Ақ қағазға қара қаламды қозғалаттым.
Карантин кезінде де қарап қалмай,
Қашықтықтан білім берген ұстаздарды-ай!
Студенттің санасына білім құйып,
Біздерді білім қаруымен жарақтады-ай.
Универге бармасақ та, сабақтарға,
Болсақ та әрқайсымыз әр тараптарда
Алғыс айтамыз ұстаздарға білім берген
Осынау қиын мезет, сын-сағаттарда.
Болсақ та әрқайсымыз әрбір жерде
Қазақ елі боламыз біздер бірге.
Шаршамай көгілдір экраннан білім берген
Тарихта қалар осы «іздеріңіз» де.
Айтайын, түсінікті болсын ақ-қарасы
Бар мекен бұған өзгенің бақ-таласы.
Сүйікті ұстаздарым қызмет ететін жер
(Алматы шаһары, ҚазҰУ қалашығы)
Жалпы тіл білімі, еуропа тілдер кафедрасы.
Бұл кафедра өткен ғасыр елуінші жылдарында
Құрылған екен мықты ғалымдар ықпалында.
Құдайға рахмет айтам мені осы жерде
Мейірімді ұстаздар құшағы құшқанына.
Қайранов Мақсат Абділ-мәлікұлы
Филология және әлем тілдері факультеті, жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы
Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының 2 курс магистранты
Ғылыми жетекшсі, PhD докторы - Досанова Альбина Маратқызы
Филология және әлем тілдері факультетінің
ҒиҚ жХБ жөніндегі декан орынбасары