Көрнекті түлектерімен тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шет елдерде танымал болған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті - Алматыдағы білім беру мекемесі. Университет түлектерінің арасында танымал саясаткерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қазіргі кезеңдегі дамуы әлемдегі ең үздік 200 университеттің қатарына ену сынды басты мақсатымен тығыз байланысты. ҚазҰУ ТМД елдері университеттері мен ислам әлеміндегі университеттер арасында көшбасшыға айналды. Ол әлемдегі үздік 200 экологиялық таза және әлемдегі ең озық технологиялық университеттердің үздік 50 тобына кіреді. Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палатасы еуропалық рейтингінде ҚазҰУ «АА+» бағасын иеленіп, жетекші еуропалық жоғары оқу орындарының қатарына енді. Халықаралық қауымдастықта бұл керемет серпіліс «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ феномені» деп аталады.
Университетте жоспар құрудан бастап оны комерциализациялауға дейінгі технологиялық дәліз құрылған. Оны тиімді пайдалану арқылы ҚазҰУ-ға 5 жыл ішінде ғылыми жобалар көлемін 2,5 есеге ұлғайтуға мүмкіндік берген. Халықаралық рейтингі жоғары журналдардағы Қазақстандық авторлардың әрбір 5-ші жарияланымы ҚазҰУ ғалымдарының қосқан үлесі. ҚазҰУ-да студенттік ғылыми жұмыстарды дамыту үшін жыл сайынғы қаражаттың 10%-ы жұмсалады. Соның арқасында университет қабырғасында оқып жүрген студенттер халықаралық ғылыми жобаларға белсенді түрде қатысып, жүлдерлі орындар алуда.
Оқытушылар мен студенттердің ғылыми жұмыстарын дамыту үшін ҚазҰУ шеңберінде университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын ҚазҰУ-дың ғылым және инновациялық қызмет департаменті ашылған. Ғылым және инновация бөлімі университетте жүргізілетін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, сондай-ақ жоғары білікті кадрларды даярлауды жүзеге асырады. Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің тиімділігі мен білім сапасын арттыру, инновацияларды ұйымдастыру, білім беру бағдарламаларын іске асыру және ғалымдар мен мамандардың халықаралық ынтымақтастығын нығайту үшін ғылыми-өндірістік және ғылыми-зерттеу қызметін кешенді дамыту қазіргі уақытты университетіміздің басты мақсаттарының бірі болып табылады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - Қазақстанның ең үздік университеті. Біздің университет оқытушылар мен студенттердің кәсіби шеберліктерін дамытуға және оқытуға жақсы жағдай жасайды. Кез-келген студент өзінің университетін мақтан тұтады және жақсы көреді. Университеттің арқасында әр студент өмірде өз жолын табады, сонымен қатар студенттердің жеке тұлға және маман болып қалыптасуында университеттің атқаратын рөлі зор.
Қазақ Ұлттық Университеті еліміздің ,саяси және мәдени дамуына өзінің үлесін белсенді түрде қосып келеді. Мұны университетіміздің әрбір жетістігі мыңдаған студенттердің Қазақстанның болашағы үшін өз үлесін қосуына себепші болып жүрген үлкен ұжымның қажырлы еңбегі дәлелдеп келеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
«Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері» кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы А.М.Досанова
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
«Шет тілі:екі шет тілі» мамандығының 1-курс магистранты А.А.Сағидуллина