ҚазҰУ-ға кел, талапкер!

ҚазҰУ-ға кел, талапкер!
жеке
блог

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих, археология және этнология факультетінің дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы тарих (5В011400), мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету (5В051500) және кітапхана ісі (5В091000) мамандықтары бойынша жас мамандарды даярлауда республикадағы бірден-бір ғылыми және әдістемелік орталық болып саналады. «Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету»  мамандығының түлектері заң, ақпараттық жүйелер, кәсіби саладағы шет тілі, компьютерлік технологияларды және ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын үйренеді. Ұйымдарда ең жаңа технологиялар негізінде құжаттамалық қамтамасыз ету және басқарудың бірыңғай (корпоративтік) жүйелерін жасау мен ендіру, оны қолдану мүмкіндіктерін меңгеріп шығады. «Кітапхана ісі» мамандығының түлектері ақпараттық орталықтарда, консалтингтік ақпараттық фирмаларда, жарнама агенттіктерінде, әмбебап, ғылыми, техникалық, ұлттық типтегі кітапханалар мен кішігірім мектеп пен ауыл кітапханаларына дейін жұмыс істеуге даярланады. Олар кітапханалар желісін құру және дамыту, олардың қорларын қалыптастыру және өңдеу, кітапхана пайдаланушыларға кітапханалық, ақпараттық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру бағыты бойынша білім алады. Аталған мамандықтарға жыл санап мемлекеттік тапсырыс көбеюде. Себебі, құжаттарды басқару, мұрағат ісі және кітапхана ісі саласындағы жоғары білікті мамандар, заманауи қоғамның бірқатар салаларында, бизнесте, мемлекеттік органдарда және басқару құрылымдарында үлкен сұранысқа ие. Бұл бағыттар қызығушылығыңызды оятса, ҚазҰУ-да тарих саласында білім алуды жоспарласаңыз, көптеген мүмкіндіктер мен кәсіби дағдыларға ие болып, мансаптарыңыздың тұрақты өсуін қамтамасыз етесіздер!

 

 

Ғылыми жетекшісі:  т.ғ.д., профессор Жұмағұлов Қ.Т.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Тарих,археология және этнология факультетінің

1-ші курс магистранты

Мырзагелді А.М.