ҚазҰУ-дағы көңілді тапқырлар клубының әзілдері
блог
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде "Сұңқар кубогы" КВН ойындары өтті. Байқау жеңімпаздарына Анталияға, Астанаға және Ыстықкөлге жолдама берілді. Бас жүлдені жеңіп алған "Филфак" құрамасы 200 мың теңге сыйақыға ие болды. Байқауға 6 құрама қатысты. Назарларыңызға ҚазҰУ сахнасындағы қағытпа қалжың мен әдемі әзілдерден үзінді ұсынамыз.
*Бұрынғы қызының сіңлісімен жүріп жүрген жігіт:
-Жаным, сендердің осы жемпірлерің-ақ тозбайды екен. Әпкең де кездесуге осыны киіп шығатын еді. ("Әлем.kz" құрамасы)
*Есте сақтау қабілеті нашар кондуктор жолақысын төлеген жолаушыларды суретке түсіріп алады екен. ("Әлем.kz" құрамасы)
*"Қыз Жібек" фильмі "Мехмат" құрамасының көзімен:
-Төлеген, Қыз Жібек менікі!
-Жоқ, Бекежан! Мен Қыз Жібекті сүйемін!
Қыз Жібек: - Екеуі таласып жатқанда Қабанбай батырды сындырып алғансың ғой. ("Мехмат" құрамасы)
"Титаник" фильмі "Мехмат" құрамасының көзімен:
-Шәкіртақыдан айырылғандар бар ма?
-Бар, бар!
-Летоға қалғандар бар ма?
-Бар, бар!
-Сауап, сауап! Оқу керек еді! ("Мехмат" құрамасы)
АҚШ-та кездесіп қалған екі қазақ:
-Hello!
-Hi!
-How are you?
-Fine, thanks!
-Алло, әке қалыңыз қалай? Мен аман-есен жеттім.
-Досым, сен де қазақсың ба?
-Иә, сен де қазақсың ба?
-Бауырым, қай жерденсің?
-Шымкентскиймін.
-No,no! ("Мехмат" құрамасы)