Мамырдың алтыншы жұлдызында Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі бас штаб-пәтерінде жаһандық азаматтық мәселелер талданған конференция өтті. Бұндай іргелі іс-шараға "Рухани жаңғыру" бағдарламасының шеңберінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті атсалысты.
ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов Шығыстың ұлы философы әл-Фарабидің ізгілікті қоғам туралы ойларына негізделген университет 4.0 атты жоғары оқу орындарын дамытудың жаңа үлгісін ұсынған баяндамасын оқыды.
Аталып өткен модель төрт құрамдас бөлікті біріктірді: білім беру, зерттеу, инновациялық-кәсіпкерлік және рухани- адамгершілік.
Халықаралық конференцияға БҰҰ-ның жанындағы ҚР-ның Тұрақты өкілі Қайрат Омаров, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, әр түрлі елдердің дипломатиялық миссиялары, үкіметтік емес ұйымдар атсалысты.
Дайындаған: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультетінің 1- курс студенті Ниязова Асылжа
Куратор-эдвайзер: Нұртәліп Шәріпқазы