ҚазҰУ - болашаққа бастар баспалдақ

"Бақыттың мәні-парасаттылықта,әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде,ол мақсат тек кездейсоқ рахат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамнің өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында",-деп ұлы ойшыл Әл-Фараби текке айтпаса керек.Себебі адам баласын алға жетелйтін күш-арман. Ал оған қол жеткізу үшін,алдымызға мақсат қоя білуіміз керек. Армандарға жол ашатын шаңырақ Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті деп білемін. Тарих беттерінде есімдері қалған тұлғалар түлеп шыққан ордада оқып,білім алу бақыты маған да бұйырған екен.

Бүгінде мен Шығыстану факультетінің 3-курс студентімін. "Болмасаң да, ұқсап бақ" демекші Әл-Фараби бабамыздың жан-жақтылығымен еңбекқорлығын үлгі тұта отырып,өз болашағыма деген сенімді қадамдар жасау үстіндемін.Әрине мұндай қадамдарды жасау үшін,бізге  ұстаздарымыз жол сілтеп,бағыт-бағдар көрсетуде.

Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев: "Сендердің білімдерің-ол сендердің еңбектеріңнің нәтижесі.Сендер білім алуға неғұрлым көбірек еңбектенсеңдер, соғұрлым көбірек білетін боласыңдар" деп айтқан болатын.Демек,еңбегіміздің жемісін көру үшін бізге тағы да біраз тер төгу керек.Ал біздің қазір алып жатқан білімімізді тек өзіміздің ғана емес,ел игілігі үшін дұрыс бағытта қолдана білу өз қолымызда! 



Бөлісу: