ҚазҰУ - білімнің алтын ордасы


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – білім мен ғылымның, ғалым мен білімге құштар студенттің ортақ қара шаңырағы. Бұл оқу орны тек қазақстандық университеттер қатарынан емес, әлемдік QS WURрейтінгіндегі жоғарғы оқу орындары қатарынан топ-200-ге кіріп, әлемнің үздік университеттері арасында кезекті рет көшбасшылық позициясын танытты. Посткеңестік елдерден бұл топқа тек екі университет – М.В.Ломоносов атындағы ММУ (78-орын) мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (175-орын) кіреді.Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік 2021 жылғы үздік көпсалалы жоғары оқу орындарын анықтады. Бұл рейтингте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары нәтиже көрсетіп, еліміздің көпсалалы оқу орны арасында кезекті рет көш бастады.Бұл рейтинг академиялық статистикалық көрсеткіштерді талдау, сарапшыларды бағалау және жұмыс берушілерге сауалнама жүргізу негізінде жасалады. ҚазҰУ барлық көрсеткіштер бойынша ең жоғары балл жинап, университеттің жоғары бәсекеге қабілеттілігін тағы да дәлелдеді.
Бүгінгі күні факультеттер қатарына «Ақпараттық технологиялар» факултететі қосылып, 16 факультетке толықты. Соның ішінде, филология факультеті М.Әуезовтің бастауымен құрылған қазақ тілі мен әдебиетінен бөлек, орыс, ағылшын және шет тілдерін студенттерге меңгертуде. «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасы – студенттердің шет тілі білімдерін шыңдап қана қоймай, аударма дағдыларын да қалыптастыруға, дамытуға көп еңбектер жасауда. Соңғы жылдары ғана жаңа білім беру бағдарламасы болып ашылған «Синхронды аударма(батыс тілдері)» мамандығы саналы түрде ауызша аударма саласында жұмыс жасауға бірден-бір септігін тигізетіні сөзсіз. Білім алып жатқан бұл мамандықта, біз тек теория жүзінде емес, тәжірибе жүзінде де түрлі ауызша, жазбаша аудармалар жасап, түрлі спикерлердің сөздерін ағылшын-қазақ тілдері арасында аударып отырамыз.
Бұл мамандықта тек аудармаға қатысты емес болашақ өмірде де қажетті болар «Философия және саясаттану» факультеті, «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасынанпсихология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Жубаназарова Назираш Сулейменовнаның басшылығымен «Басқару психологиясы» пәнін де меңгерудеміз. Бұл пәннің аудармаға аса қажеттігін ерекше атап өту керек. Себебі, аударма бір мезетте тыңдау, қабылдау, талдау, қайта ақпаратты жеткізу сынды психологиялық процесстер жиынтығынан тұрады. «Басқару психологиясы» пәнінде біз жеке және тұлғалық ерекшеліктер, басшы тұлғасы, құзыреті, басқару стилі, іскерлік қарым қатынас, ұйымдағы коммуникация, эмоция түрлері сынды кез-келген тұлға өміріне керекті тақырыптар мен ақпараттарды талқылап, дискуссиялар жүргіздік.
Осыдан келе, пән негізінде қарастырылған Н.С. Ахтаеваның «Басқару психологиясы» еңбегі бойынша аталған тақырыптар арасынан барлық салаға, әсіресе аударма саласына қатысты «Ұйымдағы қызметкерлердің қанағаттануы және гармония табу. Ұйымда эмоциялық күйді басқару» тақырыбы аса қызығушылық тудырды. Д.Гоулменнің зерттеуі бойынша эмоциялық күйді басқару, тұлғалық интеллект – «эмоциялық интеллектке» тікелей байланысты. Сонымен қатар, эмоциялық интеллекттің 5 құрамдас бөлігі бер екенін атап өтеді: эмоциялық сана-сезім, эмоциялық өзін-өзі басқару, эмоциялық мотивация, эмпатия және адамдармен қатынаса білу. Эмоциялық сана-сезім – адамдарға немесе заттарға қатысты біздің қарым-қатынасымызды жете түсінуіміз. Бұл жасап жатқан жұмысымызға да тікелей қатысты, егер біз жұмысымызды жақсы көрсек, онда өнімдігіміз артып, тек жақсы көңілде боламыз, ал жұмысқа махаббат болмаса, уақытымызды босқа кетіріп аламыз. Ал, эмоциялық өзін-өзі басқару аударма ісімен тығыз қатынаста, өйткені, көптеген аудармашылар жалғыз немесе үлкен корпорацияларды жұмыс істеуде жалғыздық, жалығу, депрессия сезінуі мүмкін. Осы жағдайларда сіз қаншалықты көңіл-күйіңізді басқарып, демалыс уақытын тиімді пайдалансаңыз соншалықты жұмысыңыз қызықты, өнімді бола бастайды. Адамдармен қатынаса білуге келсек, синхронды аудармада бір кабинада екі аудармашы отырып, кезекпен ауызша аударма жасайды. Аударма спикермен бір мезетте қатар жүргендіктен аудармашыға үлкен қысым, күш түсіреді. Кейде спикердің сөйлеу ырғағы жылдам, кейбір сөздер түсініксіз болғанда аудармашы психикалық жайсыздық не қысым сезінуі мүмкін, сол кезде жанындағысеріктес аудармашы білмеген сөздерін көрсетіп, демеп жіберуі аса қажет. Осындай жағдайларда қанша тәжірибелі, кәсіби аудармашы болмасын басқа адамдармен әрдайым жақсы қарым-қатынаста болу керектігін ұғынады. Аударма мен психологияның қатынасы тығыз болғаны сияқты, «Басқару психология» пәнінен де өмірлік, кәсіби білім, білік арттыру үстіндеміз.

Мадалиева З.Б.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, жалпы және қолданбалы
психология кафедрасының меңгерушісі
психология ғылымдарының докторы, профессор
Жубаназарова Н.С.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
психология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.
Бексұлтан Д.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ синхронды
аударма мамандығының 1-курс магистранты



Бөлісу: