ҚазҰУ-білім беру мен ғылымның көшбасшысы

Мектеп бітірген соң білім іздеп ару қала Алматыға келгенде жолым түсіп,еліміздің алдыңғы қатарлы оқу  орындарының  бірі Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетіне оқуға түстім.Алғаш оның ауласына кіргенен еңселі ғимаратты көргенде "ҚазҰУ десе дегендей тартымды екен" деп тамсамдым.Құжаттарымызды тапсырып,емтиханға дайындалып жүріп, таудың етегіне ,қайың қарағайлы,ағаштары мол қоршаған ауқымды аумақтағы "ҚазҰУ қалашығы" деген оқу ғимараттарын,жатаханаларды,спорт кешенін аралап шықтық.Студенттердің білім алуына барлық мүмкіндік жасалуда.О.Жолдасбеков атындағы 1600 орындық студенттер  сарайы,ТМД елдеріндегі жалғыз үлкен ауқымды  "Әл-Фараби" кітапханасы,спорткешенімен стадион жаңа ғимараттар,әскери кафедра,технопарк,5000 студентке арналған студенттер игілігі үшін қызмет жасап отыр.

Журналистика факультетіне оқуға түскени соң,жастық шақтың жалыны мен бірге ҚазҰУ-дің білімі қызықтыра жетелеп жүре берді.Бұрынғы кездері үлкендер "өмірдегі ең қызықты шақтар -студенттік шақтар" десе түсінбейтін едік.Нағыз өмірлік достарды осы жерден таптым.Ұмытылмас кештер мен сәттер осы университетте  болды,Өмірдегі ең ыстық  сезімдер мен пейілдер,сыйластық пен құрмет-барлығын осы ҚазҰУ-дан алдым.

Қазұу-талантты,дарынды студенттердің басын,біріктіріп отырған мекен.Cыйластық пен шынайы достықтың және ғашықтардың мекені.Адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп,тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып корсетуіне мүмкіндік беретін мекен.Сол себепті де,мен өзімнің ҚазҰУ-да жүргенімді өмірімдегі ең үлкен сәттілік деп санаймын.



Бөлісу: