ҚазҰУ белсенділері Ыстықкөлде
блог
Жақында ҚазҰУ – дың белсенді студенттері Ыстықкөлге демалуға барып қайтты. Ыстықкөлге сапар жыл сайын ұйымдастырылып тұрады және бұл алғашқысы емес. ҚазҰУ – дың Ыстықкөлде орналасқан өз пансионаты бар. Дәл сол жерге студенттер жайғасты. Алғашқы күннен бастап – ақ қызықтар басталды. Белсенді студенттер арасында «Сұңқар» студенттер кәсіподағының көш бастап отырған студенттері де болды. Сұңқарлықтар бұл үш күндік демалыста да белсенділік көрсетті. Демалыстың екінші күнінде студенттер ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлын күтіп алу мақсатында керемет «Нептун күнін» тойлап, дәл осы тақырып негізінде үлкен көрініс қойды. Көрініске барша сұңқарлық атсалысты. Керемет демалыстың үшінші күнінде де қызықтар көп болды. Көршілес жатқан бауырларымыздың салттарын, қонақжайлылығын көріп, олардың ұлттық тағамдарымен, сусындарымен танысып шықтық. Қызыққа толы үш күн әр студенттің жадында қалады деп ойлаймын. Себебі, мұнда қыдырып келген студенттер арасында алғаш рет келгендер де бар.
ҚазҰУ – да бұдан өзге де керемет мүмкіндіктер көп. Ең бастысы көш бастауға лайық белсенді студент болу.
Авторы Гүлжанат Беласар,
журналистика факультеті, 2 курс