Қазіргі замандағы "махаббат" ұғымы

Әрбір адам бүкіл өмірі ішінде шынайы махаббатын тек қана бір-екі рет кездестіруі мүмкін. Десе де, ғашықтық дертін басынан кешіру бақыты барлық адамдарға бұйырмаған. Айтайын дегенім, өзіміз қатарлы 18-20 жас шамасындағы бозбалалар мен бойжеткендердің арасындағы, олар "маххабат" деп атап жүрген қарым-қатынастардың барлығы шынайы сезім емес. Әлеуметтік жүйелердің пайда болуы ма, әлде адамдардың адамгершілік құндылықтарының төмендеуінен бе, қазіргі кезде жас жұптар бір-бірін тек сыртқы факторлар бойынша таңдайды. Ал, бір-бірінің ішкі жан-дүниесін түсіне бермейді. Осыдан барып, қарым-қатынастар ұзаққа созылмайды. Бұған қарамастан, шынымен махаббат сезімін басынан кешіріп жатқан шынайы жұптар да бар. Бұдан әрі ойды өрбітуге де болады, бірақ мен ойымды осы жерден досымның өз ғашығына арнаған өлеңімен аяқтағым келіп тұр:

"Сүйем сені, неге екенін белмеймін!

Керегі не, махабатқа себеп іздеудің?

Білерім тек жүрегім жанып, кеудем күйгенде,

Жан ұйығымды сенен ғана іздеймін!"



Бөлісу: