Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?
блог
Қандай да бір мамандық өзіңше қызықты да, күрделі. Ал, осы мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандықтың бірі – мұғалім мамандығы. Мұғалім мамандығы киелі де көне мамандықтың бірі. Адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе-жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның-қиыны. Себебі, әр адам-қайталанбас жеке тұлға.
Бүгінгі мұғалімнің мақсаты бәсекеге қабілетті өмір сүре алатын білімді, жаңадан танымы бар, білімге деген қызығушылық деңгейі жоғары, экономика деңгейіне шыға білетін ұрпақты тәрбиелеу қажет. Иә, бұл кез-келген мұғалім қолынан келе бермейтін қасиет. Тек қажырлы да, өз жұмысын жақсы көретін, өз оқушыларын биік шыңға жетелегісі келетін ұстаздың қолынан келеді. Кейде, "мен шаршадым, мына дәптер, мына қағаз" сөздерін өз құлағымен естігенде, көңілім түсіп, мынадай мұғалімнен не болады, деп ойлап жатасын. Төзімділік - адам бойындағы жақсы қасиеттерінің бірі. Төзімді болғанда ғана жақсы бір нәтижелерге жеттуге, нақты дұрыс шешем қабылдауға болады.
Қазіргі білім беру үрдісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағдар алынған. Сондықтан әр ұстаз жан-жақты, әлеуметтік және кәсіби белсенді тұлға қалыптастыру үшін балалардың танымдық, коммуникативті және тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен түрлерін белсенді қолдануды талап етеді.
Әр адамның мақсаты бар, өскелең ұрпаққа бүгінгі күні тиімді білім беріп, оларды өз Отанның ұлдары мен қыздары бола алатындай етіп тәрбиелеу, ал бұл мақсаты орындауда мен жаңа әдістерді танып, жинақтауда еңбек ету ұстаздардың мойынында.