Қазіргі театр көрермен көңілінен шығып жүр ме?

Театр – мәдениеттің ең жоғары сатысы, рухани түрде тынығуды қалайтын кез келген жан үшін есігі айқара ашық мекен.

Бүгінгі таңда театрды соңғы орынға ысырып,кино жайлы сөз қозғалса жан тәнін беруге әзір жандар қатары басым,десе де,түсіне білген жанға кино мен театрдың айырмашылығы жер мен көктей.

Театрда актердің шынайы эмоциялары,ішкі әлемі,толғанысы айқын көрінеді.Кинодағыдай қайталап түсіру,бірнеше дубль деген атымен жоқ.

Қойылымдарға бірер күннің ішінде аншлаг болуы, билет жетіспеуі, көрермен сұранысының көптігі театрға барушылардың санының күн санап артып жатқандығын айғақтайды. Демек қазіргі театр көрермен көңілінен толық шығып жүр деген сөз. Түрлі әлеуметтік желілерде қойылымнан небір үзінділер шығып,көптің қызығушылығын оятып,театрға келушілердің санын көбейтуде.

Қорытындылай келе, театр бұл мәдениет пен өнер бір арнаға тоғысқан орын.Қоғамдағы өзекті тақырыптарды қойылым арқылы көркем түрде жеткізіп,патша көңілді көрерменге қызығушылық тудырып қана қоймай,мәселені шешуге ой салатын театрлардың көптеп ашылуы ерекше қуантады. Соңғы сөзімді Ғабит Мүсіреповтың сөзімен тәмамдаймын:«Театр – хас сұлудың жасындай мөлдір өнер».



Бөлісу: