Қазіргі таңдағы театр көрермендерінің азаю себебі неде?

Театр - (грек. theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық) – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай. Театр – мәдени орын. Адамға рухани байлық сыйлайтын мекен. Алайда қазіргі техника дамыған заманда адамдардың театрға баруы мүлдем азайып бара жатыр.

    Біріншіден жалпы қазіргі 21 ғасырда адамдар театрға баруды өте сиректетіп жатыр. Мың көз мың пікір демекші, алып қарайтын болсақ, театрға аз баруына әртүрлі себеп бар. Бірақ ең көп кездесетіні ол театрды қызықсыз санайтын адамдардың қатары. Себебі қазір әр адамның қолында ұялы телефон бар екенін білеміз. Әр адамның қызығушылығына қарай кино көре салғанды артық, қызықты әрі уақыт жағынан тиімді санайды. Сол себепті театрға барып көргенді ұната бермейді. Алайда театрға барудың артықшылықтарын тек қана театрдың шынайы көрермендері ғана түсінетіні рас.

    Екіншіден, адамдардың театр өнері туралы ойы бұрынғы заманға қарағанда түбегейлі өзгерген. Яғни адамдар негізгі өнерді қазіргі шоу-бизнестегі әншілік саласын, кино саласын негізгі өнер деген пікірді қалыптастырған. Алайда нағыз өнердің атасы – театр екенін ұмытып, театрға баруды мүлдеп тоқтатқан деп айтуға болады. Театр – үлкен ұжымдық өнер ордасы. Бірақ сонда да ол өнер өте аз баға алуда. Тіпті, qmonitor.kz порталының жасаған статистикасы бойынша адамдардың театрға баруы 20 ғасырға қарағанда 38 % ға төмендеген. Бұл үлкен антикөрсеткіш болып табылады. Театрға адамдардың аз баруына әрине ең басты себеп ол - техника дамығаны. Бірақ та мүмкіндік болса, театрға баруды жиілету керек. Театрдағы атмосфера, ерекше берілетін сахнадағы жарық, көрермендердің қол соғуы, кәсіби актерлердің залдағы барлық көрермендерді өздерінің әлеміне алып кетіп ерекше сезімге бөлеуі – театрдағы берілетін адамға рухани байлықтың негізі.

    Қорыта келе айтатын болсақ, театр ол – үлкен өнер. Театрдың құдіретін тек қана өнер адамдары ғана емес, қарапайым халыққа да жеткізе білу үшін театрға барып тұруды ұмытпайық.



Бөлісу: