Қазіргі таңдағы құқықтың рөлі.

Қазіргі таңдағы құқықтың рөлі.
жеке
блог

Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы ұзақ процесс болып табылады. Қоғамдық сананың түбегейлі өзгертілуі қажет. Ал мемлекеттік билік қоғамның қауіпсіздігін қатамасыз етуге, тұлғаның еркіндіктері мен құқықтарын қорғауға бет бұруы керек. Құқықтық мемлекет бүгінгі таңда жалпы адамдық құндылықтардың ең елеулілерінің бірі болып табылады. Құқықтық мемлекет дегеніміз адам құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз етудің тиімді әдістік институты, бюрократиямен, мемлекет озбырлығымен күрес, айқын халықтық билікті қамтамасыз ету құралы.
Мемлекет озбырлыққа айналмас үшін оның билігін құқықтармен шектеу шарт. Құқықтық мемлекет – адам құқықығын бірінші кезекке қоятын билік, ол өз әрекеттеріне саналы түрде шектеулер қояды. Осы себептен құқықтық мемлекет идеясы барлық демократиялық күштермен идеал ретінде мойындалған. Әділдіктің адамгершілдік идеясының шынайы құқығына және басқа да ізгілік құндылықтарына сай болуы тиіс заңдардың сапасы мен түрі құқықтық мемлекеттің маңызды сипаты болып табылады. Заңдардың осы сипаттарға сай болуын қамтамасыз ету – ол құқық мәнін іздеу процесі, ол тұрақты және тоқтаусыз процесс.
Қоғамның мемлекеттік-құқықтық ұйымының мақсаты – араласпай, күш басымдығын көрсетпей, азғындық қылыққа итермелемей адамға ешкімге зиянын тигізбей әрекет етуге белгілі бір еркіндік кеңістігін кепіл ету, қоғамда рухани бастамаларды асқақтатуға сыртқы жағдайларды жасау және қауіпсіз өмір сүруді қамтамасыз ету. Мемлекеттік-құқықтық ықпал көмегімен қоғамды адамгершілік тұрғыда «сауықтыруға» болады.
Айта келе, осы жазылғандарды қазіргі тақырыбыммен байланыстырсам, қазіргі қоғамда құқықтың орны ерекше. Сәби шыр етіп өмірге келгеннен бастап табиғи құқығы өмір сүруге құқықғы бар. Ал заң жағынан ол сәби 1 жасқа дейін үкіметтен арнайы ақшалай көмек алуға құқылы. Заң қазіргі кезеңімізде өте керек. Ол мемлекетіміздің тыныштығын, өзге елдермен татулығын, адамдардың өзара түсініспеушілігін шешуге, жеке мүлікке иелік етуге де арналған да түрлі заңдар бар. Расымен бұл заңдар осындай талас – тарпысқа толы заманда тыныштықты реттеп отыру үшін нағыз керек құрал деп айта аламын. Ал ендігі кезек тек осы заңдарды дұрыс пайдалана білу еді...