Тілші: Мектепте 30 жылдан астам жұмыс жасайсыз,қалай ойлайсыз қазіргі заманның ағымына қарай мұғалімдер өзгеру қажет пе?
Жанар Беймбетовна: Ия,ұстаз деген кез-келген шәкіртпен,білім берушімен жұмыс жасайтын адам болғандықтан әрқашан өзгерісте болу керек деп ойлаймын.
Тілші:Осы уақытқа дейін балалармен жұмыс жасауда қалыптасқан өзіндік принциптеріңіз бар ма?
Жанар Беймбетовна:Әрине,бар.Бастауыш сынып мұғалімі ретінде айтатын болсам: балалардың білім алуына,өз ортасына дұрыс қалыптасып кетуіне зор мүмкіндіктер жасай отырып білім беру-әлі күнге дейін ұстанып келе жатқан қағидам.
Тілші:Жақсы,рахмет! Қазіргі кездегі мектептегі өзекті мәселелерді айта кетсеңіз?
Жанар Беймбетовна:Мұның бәрі өз шешімін тауып жатыр.Себебі,мемлекет тарапынан мұғалімдерге зор қолдау көрсетіп жатыр.Сондықтан,қазіргі заманда ұстаз болу ең үлкен бақыт деп білемін.
Тілші:Жақсы! Берген сұхбатыңызға көп рахмет! Сізге сәттілік!