«Өзге емес,өзім айтам өз жайымда» дегендей бұл тапсырманы орындау бір қызық. Себебеі жұрт білетін, білмейтін, аңғармаған мінезімнің қалпын сипаттауға тиіспін. Алдымен өткенге бір шегініс жасайыншы... Жеті жыл бұрыңғы мектептегі портфолиомды ақтарып отырып 10 «ә» сынып оқушысы Болатханқызы Мәдинаның темпераменті дегенді оқыдым. Алдымен соған зер салып көрелік: «Флегматик. Бұл мінездің басты ерекшелігі салқынқандылығы және соның қортындысы бойынша өте сабырлы адам. Салқынқанды, іштегі сезімін сыртқа шығармайды. Ол жолдас болуға бейім емес және жалғыздықты ұнатады. Аз сөйлейді, әңгіме кезінде ең басты мәселеге ғана тірейді. Өзіне және өзінің ортасына сенімді, кейбір жағдайда ғана өтірік айтуға барады. Жұмыста ұқыптылық пен тәртіптілікті жақсы көреді және соған сай атқарады.Тазалықты ұнатады және сол үшін беріледі. Өзіне пайдасы болса бар жан-тәнімен беріліп жұмыс істеуге қорықпайды. Баяу ойланады,бірақ сенімді, себебі бұл жайбасарлық болып жатқан жағдайды бағдарлау үшін. Флегматикті өзінің дәледі ұсынысымен ғана жеңуге болады». Бір сөзін өзгертпей көшіріп алдым, дегенмен де бұл жеті жыл бұрын мектеп психологының бізге берген тесті бойынша шыққан нәтиже. Жоғарыда менің флегматик екеніме берліген баға оныншы сыныптағы мінез құлқыммен 95%ға тура келеді. Егер мен баяғы Мәдинамын десем бірінші кезекте достарым қарсылық айтар. Әрі өзім де жеті жылдан бері жүз пайызға өзгермесем де, мектепте қандай оқушы едім, қандай студент болдым, қандай жармын, қандай анамын, қандай маманмын деген кезеңдер бойынша мінезімнің қаншалықты өзгергенін сараптай аламын. Дегенмен де пәніміз тікелей психологияға байланысты болғандықтан аталмыш санға байланысты психологтардың жазбаларын мысал етсем: Адам ағып жатқан өзен сынды, үнемі қозғалыста, ылғи да өзгерісте, бұл рухани жағынан ғана емес дене тұрқымен де, өйткені ағзаның 80%-ы судан құралған. Адам судың ағысы сынды. Судың ағысы қайда болса, энергия да сол жерде.
Әр жеті жыл сайын адамның ағзасы, жасушасы толығымен өзгереді. Және әр жеті жыл сайын терінің элементтер саны да адамның психо-физикалық жағдайына байланысты жер, су, от,ауа ұғымдарына сәйкес жаңарады. Біздің өмірімізде биологиялық-энергетикалық жетілік жиілігі бар.
Мысалы:жеті түсті кемпірқосақ, жеті нота, бір аптада жеті күн, жеті чакр т.т. Пифагордың сенімінде жетілген сан жеті, ал Лао Цзы болса адамның мінез құлқының жеті түрін көрсетеді. Әр жеті жыл сайын адам он екі жұлдыздың негізінде жаңа энергетикалық құрылымды қабылдайды дейді.
Сонымен өзімнің психологиялық, эмоциялық күйіме тоқталсам. Сангвиник, холерик темпераментіндегі тұлғалармен өте көп ұқсастығым бар,бірақ бәрі бір Алланың ата ана мен табиғат арқылы қалыптастырған туа біткен қасиеттерім сол флегматик қалпындамын. Дегенмен де ашып айтқаным жөн болар: «Ашу- дұшпан,ақыл-дос, ақылыңа ақыл қос» деген мәтелді жақсы білсем де кей кездері болмашы нәрсеге ашуланатын кезімді білемін, бақылаймын. Жақсы араласатын, үнемі байланыста болатын жандарға қатты берілемін, қатты алаңдаймын, бірге күлемін, бірге жылаймын да. Кей кездері күндік жоспарымда достарымның проблемасын шешуді бірінші орынға қоямын. Аллаға шүкір достарымның саны артпаса, кеміген емес. Өзіме, өз сөзіме, Құдайға өте қатты сенетін өмірі сәттілікке толған жанмын деп білемін. Сондай-ақ «Еңбек түбі –береке» екенін жатқа айтсақ та, еңбектің қадірін енді ескеріп, бүгінгі жетістігім кезіндегі еңбегмінің арқасы екен ғой деп өткеніме бір, өзіме бір қуана қарап, енді тек алға деп өзімді қамшылап жүрген пендемін. Әзірге осы...