Қазіргі Қазақстан тарихы

Қазақстанның қазіргі заман тарихына кешегі болған митинг не оған дейін болған оқиғалар, тіпті қазіргі таңда болып жатқан оқиғалар да кіреді. Тарих - ұлттың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениеті мен әдебиеті, басынан кешкен оқиғалары жайлы сыр шертетін ғылым. Тарихты оқып, өткеннен сабақ алып, өткен-кеткен қателіктерді қайталамауға тырысу керек. Тарихын білмеген жұрт - жеті атасын білмеген адаммен тең. Қазақстан тарихы - дүниежүзі тарихының бір бөлігі. Оған Қазақ хандығы, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы, Қазақстан Республикасы жатады. Қазақстан өз тәуелсіздігін алу үшін көп қиындықтан өтті. Қазіргі таңда біздің еліміз - тәуелсіз, зайырлы, дербес мемлекет. Елімізде әркім қалаған дінін ұстана алады, әрі өз ойын білдіре алады. Бейбіт митинг - біздің ел үшін қалыпты. Әсіресе әйелдер құқығы, сөз бостандығы хақында митингдер көбеюде. Елде өзгерістер мен төңкерістер де аз емес. Бұл оқиғаның бәрі, қуанышты сәттері де, қайғылы кездері де Қазақстанның заман тарихында орны айрықша. 

Қазақстанның қазіргі заман тарихын қалыптастыратын жағдайлар:

• саяси өзгерістер. Жуырда президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің президентік Республикадан парламентік Республикаға көшетінін мәлімдеді. Осы оқиға тарихымыздан ойып тұрып орын алады.

• шерулер, төңкерістер, соғыстар. Елдің ішкі соғысы мен сыртқы соғысы бірінші және екінші дүниежүзілік соғысынан асып түспесе, кем түспейді. Бұлар дүниежүзі тарихына кірмесе де, Қазақстан тарихына кіретіні айдан анық.

• көрші елдегі саясат. Қай елде болмасын, өзге елдің саясаты өз еліңе әсер етпей қоймайды. Ресей мен Қытай сияқты алпауыт елдердің ортасында орналасқан Қазақстан үшін олардың саясаты мен санкциясының салқын әсері тиіп жатыр. 

• мәдениет. Әр елдің өз мәдениеті мен менталитеті болады. Салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы да бар. Бірақ бұлар әр жыл сайын өзгеріске ұшырап отырады. Бұл орынды жағдай. Сол үшін мемлекетті негізінен тіл қалыптастырады деп айтсақ болады. Өйткені тіл мен ел - біртұтас ұғым. 

• ұлт пен тіл. Әлемнің үлкен деген елдерінде негізгі ұлт пен тіл жоқ. АҚШ'та әртүрлі халық тұрады және өздерінің мемлекеттік тілі жоқ. Канада да қос ресми тіл бар: ағылшын және француз. Ресей мен Қытай, Бразилия мен Аргентина елдерінде де түрлі халық қоныстанған, әр ұлттың өз тілі, діні бар. Үндістан елінде де жағдай сондай. Ал әлемнің үлкен елдеріне кіретін Қазақстан үшін жағдай мүлдем өзгеше. Біздің өз мемлекеттік тіліміз, ресми дініміз, негізгі ұлтымыз бар. 

Бұлар Қазақстанның қазіргі заман тарихын қалыптастырып қана қоймай, сол қателікті келешекте қайталамауға негіз болады. 



Бөлісу: