Әлеуметтік проблеманың елімізде белең алған түрі – жастардың некелесіп, артынан қайта айрылысуы. Бұл мәселе қаламызда да өршіп тұр. Бұның өзіндік бірнеше себептері де бар. Отбасы және неке туралы заңға байланысты қазіргі жастар арасындағы неке құру үшін қажетті жағдай – екі жастың да кәмелетке келуі, яғни 18 жасқа толуы болып есептеледі. Халқымыз да осы жас мөлшерін дұрыс деп санайды, бұл уақытқа дейін ұлын үйлендіруге, қызын ұзатпауға тырысады. Себебі, әрбір ата-ана ұл-қызының оқу бітіріп, өз бетінше өмір сүруге дайын болған кезде ғана үйленіп, үй болуын қалайды. Орта мектепті 17-18 жасқа толмай, жоғарғы оқу орнын 21-22 жасқа толмай бітіре алмайтындықтан, сонымен қатар өмірлік жарын таңдау жастардың өз қалауында болуы себебі, неке құру деңгейі қазіргі уақытта бұрынғымен салыстырғанда бірнеше есеге атты. Бір байқағанымыз, жастарымыздың отбасылық өмірге ерте қадам басуында. Бұған не себеп екенін анықтап білу де қиын. Бұл әр түрлі пікір тудырарлық мәселе екені мәлім.
Отбасын құруда жастардың, болашақ ерлі-зайыптылардың бір-бірін толық танып, бір-бірімен жақсы түсіністік қарым-қатынаста болуы өте маңызды. Кез келген отбасында, жас ерлі-зайыптылар арасында түрлі экономикалық, әлеуметтік және жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты түрлі мәселелер болады. Сол мәселе салдарынан отбасында ұрыс-керіс, қақтығыс, дау-жанжал болып, оның аяғы отбасының ыдырауына әкеп соғады. Міне осы факторлар жаңа отау құрған ерлі-зайыптылардың қайта ажырасуын тездетеді.
Ажырасуға бірден-бір себеп – жастардың асығыстығы немесе болашақ жарын дұрыс таңдай алмау себебі. Нақтырақ айтсақ, жастарымыз діни талаптарға мән бере бермейді. Бұл – бірінші. Екіншіден, жастардың болашақ жарын ата-анасының қалауымен таңдауы немесе ата-анасының жар таңдауға араласуы деп айтсақ да болады. Ата-анаға қарсы шығу, ренжіту дұрыс емес әрине, бірақ та өмірдегі ең басты қадамды, ең басты таңдауды болашақ ерлі-зайыптылар өздері таңдауы тиіс. Себебі жастар – болашақ ата-ана.