Қазіргі жастар....

Қазіргі жастар....
жеке
блог

Бүгіңде жастар- дың асыл дінімізге де мойын бұра бас- тағаны бар. Құп- тайтын тірлік. Себебі, арақ-шарап адамды да, жанұяны да аздырады. Арақ ішкен адамның мас болып, небір құйтыр- қы әрекеттерге бара- тыны - қауіпті. Жас- тардың хабарласу тетігіне айналған әлеуметтік желілерде қолына сыра бокалын ұстаған смайликтер бар. Бір-біріне көңіл күй сыйлагысы келгендер осындай смайликтерді жиі жібереді. Қазақ сайтында мұндайға орын жоқ деп білем. Қазіргі заман жастары өздерін тым еркін сезінеді. Мұның себебі төрбиенің, мәдениет пен намыс сынды қасиеттердің таяздығынан сияқты. Әсілі, заманымызға сай жастарымыздың білімді болғаны абзал. Білім нөрімен сусындаған жастар - егемен елдің ертеңін айқындайды. Сондай асыл әдеттерге тілімізді бұрмалауды азайтып, ұлттың дәстүрлерін дәріптеуді ұмытпағанымыз дұрыс. Қазіргі жастар ішімдік, шылым дегендерден қашық, өздіктерінен жұма сайын мешітке де барғанымен, олардың әлі де әттеген-ай тұстары бар екені жасырын емес. Елдің ертеңіне баланған жастарымыз, әсіресе, ұрпақ өрбітіп, ұлт болашағына жауапты қыздарымыздың үлкендердің алдында именбей сыра ішетіні қынжылтады. Бұл - қазақ қыздарына жараспас қылық.