Қазіргі ермек

   Қазір қайда барсаң да жолыңда наушникпен музыка тыңдаған адамды кездестіресіз. Және оны өзіңізде тыңдайсыз.Бұл бренд құрал, жасыңның да, кәріңнің де ең жақсы көретін ермегі болып алды. Әйтеуір қайда жүрсеңде қолдарынан наушникті тастамайды. ал бұның нендей зияны бар екенін біле ме екен? 1-ден бұл құлақтың естімеуіне, 2-ден көшеде келе жатсаң көлік қағып кетуі не ғайбыл? Құдай сақтасын! Не керек, ондай жағдайлар орын алып жатыр. Қазір құлақ жақсы естігенмен өскенде бәле болады ғой...

    Менің бір параллель сыныптасыммен күнде бір аялдамадан мінеміз. Қашан көрсең құлағында наушник. Соның кесірінен адамдарға "а","не дейсің" деп жүргені)Әйтеуір бірімізден біріміз қалыспай тағып жүргеніміз. Класқа апай келмей жатса бәрі наушниктерін тағып музыка тыңдап отырады.

     Мен бұны жазғандағы мақсатым, денсаулығымыз мықты, құлағымыз жақсы естісін десек, наушникті көп тақпайық. Ақыл айтып отыр деп ойлап қалмаңыздар, тек көшеде көп тыңдамаған жөн.



Бөлісу: