Қазіргі заманның балалары теледидардан көз алмайды, бұған кім кінәлі? Ата-ананың кінәсі екені мәлім. Бір жағынан осынау техника дамыған заманда теледидар қарамай, кітап оқу, ойын ойнау мүмкін емес те шығар. Алайда ата – аналар балаларына ескерту жасауы керек қой. Ескерту жасамайды, жасағанның өзінде бала тындамайды, себебі, ата –ана баламен жұмыс жүргізбейді. Баланың психологиялық жағдайына үлкен мән беру керек. Ол теледидардан миға әсер ететін, психологияға әсер ететін дүниені көреді, сондағысы ол баланың бастапқы мұғалімі сол теледидар болады. Бала теледидардан не көрсе, соған еліктейді. Ақыр соңында есейгенде тәрбиенің түбі тәрбиесіздікке алып келеді.
Балаңызға бiр сәт назар аударыңызшы. Күнi бойы көгiлдiр экранға телмiру, телекейiпкерлерге елiктеп, соның образына ену – сiзге жақсы таныс көрiнiс болар. Көрсеңiз де, көңiл бөле қоймаған шығарсыз.
Телемания – бала үшiн өте қауiптi. Теледидар көре беруге әуестенген бала театрға, мұражайға, киноға бару, серуендеу, өз қатарластарымен ойнау секiлдi дүниенiң бәрiн экраннан көз алмай уақыт өткізумен алмастырады. Бұл болашақта баланың өмірге шынайы көзқараспен қарауына үлкен кедергі келтіреді. Яғни, бала жалғандықпен өмір сүреді. Сосын оның өмірі қандай деңгейде болатынын өзіңіз ойлап қараңыз..
Теледидардың зиянды тұстары:
• Көздiң көру қабiлетi нашарлай түседі. Ертелi-кеш көгiлдiр экранның алдындағы баланың көз өткiрлiгi азаяды.
• Теледидар алдында ұзақ отырудың әсерiнен баланың омыртқа жотасы қисаяды.
• Аз қозғалғандықтан денеде артық май жиналып, семiздiкке әкелiп соғады.
• Жүйке жүйесiндегi ауытқулар пайда болуы мүмкiн. Ұйқының бұзылуы, жасқаншақтық, жалтақтық, тез ашулану, сабырсыздық т.б осындай көптеген өте зиянды мәселелер орын алады.
Сондықтан, баланы далаға серуендеуге шығарып тұру керектігін айтпасақта бәрімізге мәлім. Бұл жерде тағы ең басты мәселе бар, бала ертегі оқуға, тыңдауға көнбейді, ол теледидар қарағысы келетінін айтады. Осы тұста әрине ата- ананың кінәсі, себебі ол кісілердің уақыты да жетпейді, керісінше жанағы телеманиямен достасып алған, балаға теледидар бәрін үйрететін сияқты.
Ертегілерді көп оқып беру керек, серуендеу, мұражайға бару, аулада басқа балалармен ойнауға жіберу, кітап оқуға үйрету және т.б. түрлі айналысатын істер бар, бұлар баланың дамуына, ақылына үлкен үлесін тигізеді. Бала біздің болашағымыз, сондықтан осы мәселеге немқұрайлықпен қарамағанымыз жөн.