Шығыстану факультеті Қазақстанның шығыс тілдерін игерген жоғары білікті мамандар даярлайтын ірі орталығы болып табылады. Университет қабырғасында шығыс тілдерін зерттеу (соның ішінде, араб тілі) ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастау алады. Бүгінгі Шығыстану факультеті – бұл жоғары педагогикалық кадрлар жұмыс істейтін, қызықты әрі шығармашылық оқу-тәрбиелік үдеріс жүзеге асатын, ғылыми зерттеулер жүргізілетін мойындалған қазақстандық ориенталистика орталығы.
Факультетте арабтану, түркология және корейтану ғылыми зерттеу орталықтары, үндітану, қытайтану, ирантану, жапонтану ресурстық-ақпараттық орталықтары жұмыс істейді. Факультетте 8 шығыс тілі: араб, парсы, қытай, корей, түрік, жапон, хинди және урду, сондай-ақ, екі батыс тілі: ағылшын және француз тілдері оқытылады.
Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы шамамен 100 адамды құрайды, олардың ішінде, 8 ғылым докторы мен профессоры, 38 ғылым кандитаты мен доценті, 8 PhD докторы бар.