Қазалы күнді аза тұтпаған ҚАЗҰУ

Қазалы күнді аза тұтпаған ҚАЗҰУ
жеке
блог

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің әскери қызметшілерінің қазаға ұшырауына байланысты 27 желтоқсанды ұлттық аза тұту күні деп жариялады. 

Желтоқсанның 25-і күні Оңтүстік Қазақстан облысында әскери ұшақ құлап, 27 адам қаза тапқан еді.

Араға 1 айды салар-салмастан 29 қаңтарда Қызылту ауылы маңына Challenger 200 ұшағы құлап, борттағы 16 жолаушы және 5 экипаж мүшесі түгел қаза тапқан еді. Осыған байланысты 31 қаңтар қаралы күн деп жарияланды.

Алайда жоғарыда айтылған екі бірдей орны толмас өкінішті қаралы күнде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің туы қайқайып аза тұтпағаны көкейге түрлі ой салады.

Қаза тапқан бауырларымыздың арты қайырлы болып,жандары жәннатта болсын.

Қазақ елі үшін орны толмас өкініш.Қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтамын!