Сәлем, оқырман! Күндегідей комикс тақырыбында жазба салмақпын. Ал бүгін кешеге "Дәуіттің алғашқы айқасын" жалғастырмақпын. Ал ол жайлы мәлімет "Жаңа қаһармандар" жазбасында жазылған. Ал, кеттік)
Қызыл жауызды тұтқындады. Ол жүздеген жерден жарақат алған еді. Және оны өите терең канализацияға қамап қойған еді. Ол өте күшті болғанмен кісенді босата алмады. Бір кезде «Шіркін, төрт қолым болғанда ғой, мыналарда шыбын құрлы көрмей сындырар едім» деді. Бұл сәтті оның қолтық тұсынан қол шыға бастады… Қалай?
Оның себебі қала орталығындағы айқас кезінде Дәуіттің «тілек орындаушысының» бір бөлігі Жанболаттың үстіне жабысып қалған еді. Сол себепті Қызыл жауыз енді өз тілегін орындата алатын қабілетке ие болды. Кісенді қиналмай сындырып тастады. Енді әлемге төнген қауіп бірнеше есе артпақ…
Ешкім күтпеген жерден, Қызыл жауыз қала орталығына төрт қолымен атып шықты. Бұл кезде тәтті ұйқыда жатқан Данияр, көшедегі жағдайларды мүлдем сезбеді. Бір кезде мамасы оны оятты. «Балам, далада бірдеңе дүрсілдеп жатыр. Не екен?» деді. Содан Данияр «Ой, мама, тек біреулер бір нәрсені дүрсілдедіп, жұмысын жасап жатыр ғой» деді. «Жарайд, көкпет. Жата бер» деп бөлмесіне кетті.
Бұл кезде Данияр төсегінен атып тұрып, Дәуіт-роботқа айналып, терезеден атып шығып, кетіп қалды. «Айтпақшы, балам» деп мамасы бөлмеге кіріп жатса ешкім жоқ.
Қызыл жауыздың жаңа түрін көргенде Даниярдың есі шығып кете жаздады. Бұрынғыдан алып, әрі мықты. Өзінің қаласының құрдымға кеткенін қаламаған Данияр іске көшті. Бұл жолы бірден, тікелей шабуылға бет бұрды. Яғни, кешегідей қулық жасамады. Ұшып келіп, әлгінің тұмсығынан бір соқты. Мұндай соққыны күтпеген Қызыл жауыз жерге құлап түсті. Жер болса «дір» етіп, жер сілкінгендей әсер алды. Ал Даниярдың анасы Динара апай болса ұлын уайымдап әлек.
«Жер сілкінгеннен» кейін Қызыл жауыз ашуға булықты. Дәуітке жүгірді. Аяғымен езіп тастауға тырысты. Бірақ Дәуіт оңай қарсылас емес. Дәуіт Қызыл жауыздың үстіне өрмелеп, үстіндегі тілек орындағышын суырып алды. Иә, бұл жақсы әрине. Бірақ Дәуіт ауыр жарақат алды.
Қызыл жауыз оны жерге лақтырған кезде, өткір бір тасқа, арқасы тиіп, бес-алты сантиметрлік "үңгір" қалдырыпты. Қызыл жауыз өзінің әлсірегенін байқап, канализацияға қарай қашты. Ал «тілек орындағышты» Данияр жерден алып, сынған орнына қойып, өз құрылғысын, өз қалпына келтірді. Дәуіттің тағы бір әлсіз тұсы ашылды. Ол барлық нәрсені орындай алады, тек ауа райын өзгерте алмайды, уақытта артқа, алға қуа алмайды және жараланған жерді қалпына келтіре алмайды.
vk.com/bt_woc Мына парақшаға тіркелеміз, достар! Комикс әлеміндегі жаңалықтар!
Дәуіттің кезекті айқасы осылай аяқталды. Ал мен өз кейіпкеріме ұқсайтын Жасыл Гоблин деген жауызды қараңыздар. Оны осылай елестетемін. Тек көздері мен ауызы басқаша енді.
Ал, олай болса, көріскенше!