Қазақы комикс: Дәуіттің алғашқы айқасы

Қазақы комикс: Дәуіттің алғашқы айқасы
жеке
блог

Данияр есімді қарапайым еден жуушы дәуіттен таяқ жегеннен кейінгі ерекше қабіліттері біліне бастады. Ол өзі бірдеңе айтса орындалады. Тек түскі мезгілде ғана оның айтқаны орындалмайды.
Ол жалпы әкесі жоқ, тек анасымен бірге тұратын бала. Әкесі Данияр дүниеге келмей жатып қайтыс болған.

Әдеттегі күннің бірі болды. Күндегіше үйінен тамақ ішеді де, әдемі Алматыны қылмыскерлерден сақтауға кіріседі. 

Қаланың бір бұрышында бұзақылар бір қыздан ақша талап етіп жатыр екен. Ол өзін адам етті де, «Ей жігіттер, бір қызға шамаларың келеді екен, бір жігітке де шамаларың келетін шығар?» деп, төбелеске кірісті. Он шақты жігіт босқа таяқ жеп қалды.

Әлгі қызбен танысты. Аты — Құралай екен.  Оны үйіне дейін шығарып салды. Құралай рахметін жаудырып үйіне кірді.

Ал бұл кезде қаладағы метрода, Жанболат Мерейов деген 25 жастағы сиқыр шебері өз өнерін көрсетіп отыр еді. Біраз ақша жинаған соң, демалғысы келгенін айтып, сиқыр жасауды доғарады. Кейін табылған ақшаны қайда саларын білмейді. Содан, пойызда, жерде жатқан бір целлофанды алады да, ішіне тапқанын салады. 

Алматыға жеткен соң, шөлін басу үшін, шырын алмақ болады. Әлгі целлофанды ашып қалған кезде, ішінен неше түрлі дыбыстар шығып, әлгі жігітті дуалай бастайды. Бұл кезде, оның қолдарына күш бітіп, көздері мен денесі қызарып, жауыздық бітіп, қаланы қиратуды бастап кетеді.

Қызыл жауыз

(Оны мына кейіпкерге ұқсатуға болады)

Оны халық "Қызыл жауыз" деп атап кетеді.

Бұл жағдайды Данияр да естиді. Дереу оны тоқтатуға тырысып, қала орталығына шығады. Ал ана жауыз кім көрінгенге тиісіп, күн көрсететін емес. Бұл кезде Дәуіт қулыққа көшеді. Өзінің «бұйрық орындағышына» «мені адам қыл» дейді. Адам болады. Өтірік, қорықып кетіп, бара жатқан адамдай, шыңғырып, жауыздың жанынан өтіп бара жатты. Оны Қызыл жауыз қолымен ұстап алады. Осы кезде ол, Дәуіт-роботқа айналып, әлгінің көзін, қылышымен шұқып алады. Екінші көзін де дәл солай шұқиды. 

Шыдамаған Жанболат сол жерде-ақ құлап түседі. Көзі шаншып барады. Осы кезде полицейлер келіп, оны бірнеше жерден атып салады. Жүздеген жерден жараланған жауыздың жағдайы тіптен әлсіреді. Әрі жараланған әрбір жерден, Дәуіт өз қылышын тығып, одан әрі ауырыуын асқындырды. 

Бұл мақұлық ешқашан да жібімейді, ешқашан да, күші әлсіреп қалған емес. Оны әр жерден кісендеп, түрмеге алып бара жатты… Бірақ бұл мақұлықтың оңайлықпен жеңіле салмайтынын, Дәуіт білді…

Ал, көріскенше)