Қазақы комикс: Дәуіт vs Қызыл жауыз! Ақтық айқас!

19 адамдық «Зұлымдық корпарациясы» құрылғаннан кейін, олар қаланы жоюды көздеп отыр. Бірақ бұл жерде команданың капитаны, Қызыл жауыз сатқындық жасады. Командасындағылардың барлығын өлтіріп, қанын үлкен ыдысқа құйып, барлық қанды өзіне егеді. Нәтижесінде ол, өте алып, өтттттте алып дегенім ғой, өтттте мықты болып кетеді.

Ал Дәуіт болса оның қай жерде мекендейтінін білмейді. Бірақ қаланың қай бөлігінде шу шығып жатырғанын ол жақсы біледі. Дереу темір жол стансиясына қарай беттеді. 

Ол жақта әйгілі Қызыл жауыз бар еді. Ол алдына келгенді қиратып жүр екен. Және бір кезде жерден сіріңке(спичка) тауып алады. Келе жатқан жүк-пойызды өртеуге көшеді. Бірақ Дәуіт оны, аяғымен бір-ақ сілтеді. Иә, біраз Дәуіт басымдылықты алды. Ашуға булыққан Қызыл жауыз, рельсті қисайтып жіберді. 

Дәуіт те қарап қалмады, оны түзеуге бірнеше рет тырысты. Бірақ, Қызыл жауыз оны күзетіп тұр. Ал, пойыз келіп қалды. Бұл жолы жолаушылар пойызы. Өртей алмайды. Бірақ бәрібір де қауіпті. Жалғыз амал — пойызды тоқтату. 

 

(Бұйырса он жылда Алматыда осындай пойыз жүреді)

Дәуіт қайтпек? Тиң! Идея! Тілек орындатқыш! «Пойыз, тоқта» деп жаймен сыбырлады. Пойыз жылдамдығы өздігімен тоқтап жатты. Керемет! Қызыл жауыздың қаны қайнап кетті. Одан кек алуды көздеуде. 

Пойызға қарап тұрып, алаңдап қалған Дәуітті ұстап алып, бір шаң басқан сарайға қарай лақтырды. Дәуіттің шаң басқан жерде де көзінің жақсы көруі оған көмек берді. Біраз таяқты жегізді Қызылға. 

Бір кезде ашуланған Қызыл жауыз бар даусымен, тамаған жыртып, «вәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәә» деп бақырды. Әлі толық жазылмаған Даниярдың жүрегі бір сәтке тоқтап қалды. Жүрегі тоқтағанмен, ойы істеп тұр. Ойына анасының жылы сөздері түсе бастады. Ал Қызыл жауыз болса, күліп тұр. 

Аяқ астында Данияр қайта оянды. Енді Қызыл жауызбен қайта айқаспақ… 

Ол оған бірден шабуыл жасай алмады. Себебі, осал тұсын білмейді. Осал тұсын табу үшін, біраз жай-жай соққылар берді. Енді-енді оны түсіне бастағанда, Қызыл жауыз оны бір ұрды. Орнынан тұрғызар емес. Бірақ бәрібір де қайтып орнынан тұрды. 

Бір кезде Дәуіт қылышын шығарды да, оның төсін бір тілді. Әр жағынан адам көрінеді. Не сұмдық бұл? Оның ендігі мақсаты — оны жерге жатқызып, терісін сыпырып алу. Жақтан кетті, тағы да… Жатқызды. Қып-қызыл терісін екі бөліп жатыр. Қарасы ішінде бір адам жатыр. Үстінде түк те жоқ. Тек кішкентай, жыртық-жыртық дамбал бар екен. 

— О, Құдай-ай. Мен қайдамын?
— Сен бір өлімнен аман қалдың!
— Не?
— Егер мен сенің бар екеніңді білмегенде әлгі құбыжықтың терісімен бірге сені де өлтіріп алар едім.
— Түк түсінмен бұйырмасын!

Өстіп-өстіп екеуі дос болып кетеді. Екеуі бір аулада тұрады екен. Тіптен жақсы болды!

Осылай менің хикаямның алғашқы томы аяқталды! Фильм деуге де болады! Екінші томды бұйырған күннен бастармын!

Өткендері бір бауырымыз "Дәуіттің суретін салсаңшы" деп жатыр еді. Салып болдым! Қараңыздар!

Көріскенше!



Бөлісу: