Қазақтың тойы бітпесін!!!

Хадиша ханым,ең алдымен өзіңізді тыңдармандарыңызға таныстырып өтсеңіз?

- Мен Оңтүстік Қазақстан обылысындағы киелі Отырар ауданы Қоғам бөлімшесінде өмірге келгенмін. Отырар ауданынан Мұхтар Шаханов,Шәмші Қалдайақов,Мұхтар Алиев, ғұлама,ғалым Әлфараби шыққан. Мен осындай жандар шыққан жерде туылғаныма мақтанамын.

«Отырардағы той», «Сізде де той болсыншы» сынды әндеріңіз бар. Тойға шақыртулар

алып тұрасыз ба?

- Мен Шәмші Қалдайақовтың көзін көрген әншімін.Ен соңғы күндерінде осы Отырар ауданынаның 60жылдық тойына келіді. Бұл әннің сөзін Сабырхан Асанов жазды. Маған осы әнді тапсырыспен жаздыртып үйретті. «Отырардағы той» әнін Республика көлемінде жарыққа шығардым.1992 жылы болған Шәмші Қалдайақов атындағы конкурста осы әнмен көрініп лауреат жеңімпазы атандым.

Негізгі мамандығыңыз қандай?

- Шымкент қаласындағы Әлфараби атындағы эстрадалық хорды бітіргенмін. Өзім қазір Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институтында эстрада үйірмесінен сабақ беремін. Жалпы шығармашылықтың адамымын.

Кімдермен шығармашылық байланыстасыз?

-Менің алғашқы компазиторым Шәмші Қалдайақов болса, одан кейінгі компазиторым Мұхтар Шаханов ағамның көптеген әндерін айтып жүрмін.Жақында «Алға қазағым» деген әнді бейнебаянымен жарыққа шығардым.Иса Омарованың көптеген әндерінде орындап жүрмін.Ол кісі маған арнайы келіп, демеуші болып маған өз көмегін көрсетіп жүр.Көптеген компазиторлармен тығыз байланыстамын. Шығармашылық жұмыстарда көптеген әншілермен араластым. 1997-98 жылдары Жасқанат Азия дауысына қатыстым. Орын алғаннан кейін Гүлдер ансамьбілінде екі жылдай жұмыс істедім. Сол кездерде Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова апаларымызбен бірге жүрдік. Қазірде көрген кезде сәлеміміз түзеу, сырласып,араласып тұрамыз.

Бүгінгі шырқалып жүрген әндер мен орындаушыларына көңіліңіз қаншалықты толады?

-Әрине, қазір біздің әншілеріміз күнкөріс қамына қарай кетіп қалды. Өнерге уақытша келгенде әншілер бар.Көкелеріне айтып бейнебаян түсіріп жүрген әгшілерде көбейіп кетті. Жеңіл, саясы төмен әндерде бар. Сапасыда ешқандай мағынасы жоқ әндерде қаптап кетті. Сонымен бірге шет ел әндерін қазақшаға аударып,өзіміздің менталитетімізді ұмытып бара жатқандаймыз.Енді, мына орысша айтып жүргендер қазақша дұрыс айта алмайды оны білеміз.Оны тексеріпте жатқан ешкім жоқ.Бейнебаяндары керемет, түрлері әдемі,бірақ өздері не айтып тұрғанын білмейді.Оларды қазақтандық әнші деп емес,оларды мәңгүрт әнші деп айту керек. Ал, қазақстандық әнші бірінші көйлегін емес тілін дұрыстап алу керек деп ойлаймын.

Той бизнес пен шоу бизнес дегенді қалай түсінесіз?

- Менің бизнесім негізі той бизнес.Әлі шоу бизнеске араласқаным жоқ.

Қазіргі таңда әншілер жағы қазақ әншісі және қазақстандық әнші деп бөлініп жүргендей.

Сіз өзіңізді қайсысына жатқызасыз?

Азғантай ғана қазақ еліміз бөлінгеніміз дұрыс емес.Қазақстандық әнші, қазақ әншісі деп кімдер бөліп жүр? Мен қазақтыңда,қазақстандықта әншімін. Мен ешқандай бөлінбеймін.Қазақстандық ән орындау керек болса қазақстандық ән орындаймын.Ал, енді қазақша ән орындау керек болса қазақша ән орындаймын. Қазақстанды басқа елге таныстыратын болса, мен өзімді ұялмай көрсете алатын қазақстандық әншімін деп білем.

Репертуарыңыздағы әндеріңіз несімен ерекшеленеді?

Мен ел тұрғыдағы әндерді айтамын. Халықтың жүрегіндегі әндерді айтсам деймін.Қазақтың өзінің домбырасы, қобызы бар құдайға шүкір музикаға баймыз ғой Шәмшіміз бен Құрманғазымыз, Нұрғиса ағамыз бар.Кейінгі компазиторларымыз ұсақталып бара жатыр.Айтылып жүрген әндердің көбісі ұрлық болып кетті. Міне, соған менің жүрегім ауырады.Көбінесе мен компазиторларды ауылдық жерден іздемін.Жолы болмай жүрген небір таланттар бар солардың әндерін аламын.Ауылда небір апаларымыз, көкелеріміз бар жарыққа шықпай жүрген сол кісілерді іздеп солардың әндерін жарыққа шығарамын.Кейбір компазиторлар маған өздері осы әнді сіз айтыңызшы деп келеді.Жалпы, мен әнді еш уақытта сатып алған емеспін.Сазгерлердің өзі келіп маған ұсыныс жасайды.Мен сол әндерді айтып шығамын.Мен орындаған әндерді әлі ешкім сынаған емес. Құдайға шүкір әнге баймын. Менің репертуарымда екі жүзге жуық авторлық қорғалған ән бар.Әрине соның ішінде шоқтығы биік «Отырардағы той», «Алға қазағым», «Той болсыншы» және концерттік мерекелерге арналған әндерімде бар. Жалпы, әнші деген әннің барлық түріне дайын болуы керек.Менің репертуарымда өзбекше, қырғызша,орысша әндердіде кездестіруге болады.

Алдағы жоспарларыңызбен бөлісіп өтсеңіз.

- Енді құдай қаласа жақында саханада жүргеніме 25 жыл болады. Осыған орай жеке концертімді өткізсем деген ойым бар. Өзімнің жеке әндерімді,жаңа альбомдар,жаңа бейнебаяндар жаздыру үстіндемін. Жалпы өзімде қазір ән шығаратын болдым Жеке концертімді Алматы, Астана қалаларына берсем деген ойым бар.

 



Бөлісу: