Кеше ғана түріктерден қалған эстафета деп түріктің сұлу қыздарын тақырыбыма арқау етіп алған едім, бүгін өзіміздің аруларымыз хақында айтқым келіп отыр. Сіздерге таныс емес аруларымызды айтсам бұл негізсіз болып қалар деген оймен көпшіліктің алдында жүрген, баршаға таныс қазақтың қыздарын ортаға салғым келіп тұр. Ал, енді бірінші орыннан емес мен үздік деп тапқан бестікті соңынан бастап сараптайын.
Бесінші орын: Әсел Сәдуақасова. Әсел өзінің сүйкімді бейнесімен үздік бестіктен өз орнын еншіледі. Брош шығаратын әшекейлерді өзіне жарасымды етіп таққанда тіпті құлпырып кете береді. Алайда, орысшаға судай қызымыз қазақшаға келгенде сәл ақсаңдай береді. Ол бәрімізге де мәлім. Ешкім мұныма қарсы болмас)
Төртінші орында: Мөлдір Әуелбекова. Мөлдір тәкаппар мінезді қыз. Әсіресе, термелерді өз нақышына келтіріп жақсы орындайды. Қазіргі таңда домбыраға сүйемелдеумен әндер айтып жүр. Бұл, әрине, қазақы қыз үшін мақтануға тұрарлық дүние дер едім.
Үшінші орында: Роза Мұқатаева. Роза бәрімізге Х Фактор, Қазақстан дауысы жобаларынан жақсы таныс. Қазіргі кезде Әли Оқаповтың продюсерлігінде. Жас ана. Соған қарамастан әп дегеннен – ақ үздік бестігімде үшінші орынды еншіледі)
Екінші орында: Мәдина Сәдуақасова. Иә, Мәдина еліміздегі ең сұлу қыздардың бірі. Үнемі мұндайда алғашқы орынды еншілеп жүрген сұлуымыз менің бестігімде екінші орында. Ол да ана. Қанша жылдар өтсе де сымбатын бір қалыпта сақтап жүрген Мәдинаға мен де тәнтімін))
Кезек бірінші орынға да жеткен екен. Өте көп ойлана келе бұл алғашқы орынды мен тележүргізуші, актриса, әнші Аша Матайға беруді дұрыс деп таптым. Орысша тілде жақсы сөйлей алса да қазақшаға мықты. Әрине, қаны қазақтан, жері қазақтан, қалайша білмесін. Сұлулығы жарасқан Аша менің үздік бестігімнің үздігі атанып отыр)
Әрине, мұның барлығы көпшіліктің емес тек менің ғана пікіріме сүйеніп жасалған. Қазақта сұлу қыздар көп. Мен де солардың бірімін, дегенмен де жұлдыздар тарапынан дәл осы бестікті мен үздік санаймын.